• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
13 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы №88

380 рет
көрсетілді

2011 жылғы 23 ақпан, Астана қаласы «Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі» саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын: 1. «Жол полициясы бөлімшелерінің жол қыз­меті саласындағы ережелердің, норматив­тердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жө­ніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жыл­ғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1797 болып тіркелген, Қазақстан Респуб­ли­касы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 16, 575-құжат) мынадай өзгерістер мен толықты­рулар енгізілсін: бұйрықтың 2-тармағында «Астана қаласы ІІБ-нің, Алматы қаласы ІІББ-нің, облыстардағы ПББ-ПБ-нің» деген сөздер «Астана, Алматы қа­лалары және облыстардағы ішкі істер департа­ментінің» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол по­ли­циясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарт­тардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозға­лы­сын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі нұсқаулықта: барлық мәтін бойынша «департаменті», «де­партаментінің» деген сөздер «комитеті», «коми­тетінің» деген сөздермен, ал «Астана қаласы Ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ІІБ), Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасының (бұдан әрі - ІІББ), облыстардағы ІІББ-ПБ-ның» деген сөз­­дер «Астана, Алматы қалалары және облыс­тардағы ІІД-нің» деген сөздермен ауысты­рыл­сын; 15-тармақтың 2) тармақшасында «(бөлімше­лері, топтары)» деген сөздерден кейін «үш жұ­мыс күні ішінде» деген сөздермен толықты­рыл­сын; 54-тармақтың 1) тармақшасында «бөлімшесі» деген сөзден кейін «бес жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; 54-тармақтың 2) тармақшасында «(бөлім­шесі, тобы).» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күні ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; 58-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген жолағында қызмет көрсету және сыртқы (визуалды) жарнама объектілерін орналастыруға арналған паспортты жол қызметі береді және жол полициясы бөліністерімен бес жұмыс күні ішінде келіседі». 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Н.И. Калашников) жүктелсін. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистр­лігінің Жол полициясы комитеті (Н.И. Калашников) осы бұйрықты Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын. 4. Осы бұйрық алгаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі. Министр С.БАЙМАҒАМБЕТОВ. –––––––––––––– Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 14 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6802 болып енгізілді.