• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
07 Наурыз, 2017

Күн тәртібінде «Киров» тұр!

268 рет
көрсетілді

Көктем келіп, қара жердің бауыры бусанып, қалың қардың көбесі сө­гіл­­генде, су тасқынының алдын алу әрбір өңірде өзекті мәселеге ай­на­ла­­тыны шын. Себебі, қар қалың жауып, жердің тоңы жібімей тұрған уа­­қытта күннің күрт жылынуы салдарынан су тасқыны оқиғалары орын алып жатады. Бұл – әр өңірге қатысты күн тәртібіндегі мәселе. Әсі­­ресе, таулы аймақтардағы елді мекендерде бұл мәселе айта қа­лар­лық­тай өзекті. Су – тіршілік көзі, күнкөрістің қай­нары. Қара жердің қасиетін се­зі­ніп, өнім алып, өркендеу үшін де су шаруашылығының маңызы зор. Осы орайда, Жамбыл облысы көрші Қыр­ғыз Республикасының Талас об­лысында орналасқан «Киров» су қоймасынан су алып, ауыл шаруа­шы­лығы ахуалын нықтап отыр. Алай­да, өткен жылы қар суының көп­ті­гі­нен «Киров» су қоймасынан Жам­был облысына қарай секундына 250 тек­ше метрге дейін су жіберілген бо­­латын. Салдарынан Әулиеата ірге­сін­дегі біраз елді мекенді, бірқатар кө­шені, Талас өзенінің бойындағы ба­ғаналарды, газ құбырларын су шай­ып, егістіктер мен жайылымдарды басып қалғанын елдің бәрі біледі. Сөй­тіп, бұл жағдай Таластың төменгі жа­ғын­дағы қарапайым шаруалар мен ди­қандарды әбігерге салды. Енді бұл ке­лең­сіздіктер күн күрт жылынғанда та­ғы да қайталанбай ма деген сауал бү­гін­де әрбір тұрғынның көкейінде тұр. Осыдан біраз жыл бұрын «Киров» су қой­масына қатысты қауесет шығып, ел­дің біраз дүрліккені де бар. Жамбыл мен Талас облыстары – 337 шақырымға дейін шектесіп жат­қан көрші аймақтар. Сондай-ақ, 7 ше­­каралық бекет те екі елдің азамат­та­рына қызмет көрсетеді. Алайда, «ауы­­лы аралас, қойы қоралас» қырғыз ағай­­ындардың өткен жылы суды бір ашып, бір жауып мәселе туындатқаны бел­­гілі. Енді биылғы ахуал қалай бол­мақ? Көктемнің көкөзегі болса кел­ді. Жамбыл облысының таулы аймақ­та­ры­на биыл қардың қалың түс­кені де ел­ге аян. Дегенмен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу – Талас бассейндік инс­пекциясы басшысының орынбасары Ғалымбек Құралбаевтың айтуынша, биыл бұл мәселеге байланысты қауіп жоқ. Себебі, Талас облысының Манас ау­данында орналасқан «Киров» су қой­масында бүгінде 461,4 миллион тек­ше метр су бар. Ал бұл көрсеткіш өт­­кен жылы 487 миллион текше метр болған. Жоспар бойынша 15 жә­не 20 нау­рыз аралығында мұндағы су­дың дең­гейі 500 миллион текше метр­ге жет­се, 20 текше метр су бері жі­бе­рі­ле­ді. Әзірге 5 текше метр су бері қарай жіберілуде. Ал мамыр айында су­ды ағызу деңгейі 35-40 текше метрге дейін артады. Бүгінгі таңда Жамбыл және Та­лас облыстарының арасында су мә­се­ле­сіне байланысты келіссөздер жүр­гі­зі­ліп жатыр. Көрші ағайындар да өз­де­рі­нің ұсыныстарын айтуда. Талас об­лысы су шаруашылығы бассейнінің бас­шысы Болатбек Батырқұловтың пі­кірінше, «Киров» су қоймасына күр­делі жөндеу жұмыстарын жүргізу ке­рек. Ал оған қажетті қаражат мә­се­­­лесі қалай шешіледі және бұл жұ­мыс қашан басталады? Ол жағы әлі белгісіз. Сонымен қатар, екі ел­ге де ортақ «Кож» каналы да жөн­деу жұ­мыс­тарын қажет етіп тұр екен. «Қаз­су­шар» республикалық мем­ле­кеттік кә­сіпорны Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Берік Нұ­р­алиев бұл мақсатқа ел бюджетінен 15 миллион теңге бөлініп отырғанын жет­кізді. Айта кетейік, «Киров» су қой­ма­сының сыйымдылығы 550 миллион текше метр болса, өткен жылы мұн­да 549 миллион текше метр су жи­налып, көптің көңілін күпті еткен бо­латын. Бөгеттің ернеуінен қайтқан су бар­шаның басты мәселесі еді. Енді би­ыл бұл түйткілдің қалай өрбитіні ал­да­ғы күндері белгілі болады. Егер екі об­лыс басшыларының арасындағы ке­лі­сімге қырғыз ағайындар түсін­іс­тік­пен қараса, өткен жылғыдай мә­селенің бо­ла қоймайтыны анық. «Кісідегінің кілті аспанда» де­мек­ші, өзгеге жалтақтамай, суға тәу­ел­ді­лікті жеңілдету басты мәселе. Бұл тұр­­ғыда Жамбыл облысы құны 12,5 миллиард теңге болатын 4 үлкен жо­ба­­н­ы қолға алып отыр. Егер жоба то­лық жүзеге асқан жағдайда, суға тәу­ел­ділік біршама жеңілдейді. Әрі кө­к­тем кезінде қар суы текке кетпей, сол қоймаларға жиналады. Жақында болған Жуалы ау­да­нын­- ­д­ағы қар көшкінінен елдің есі ке­т­кені рас. Енді көктем келіп, көк ш­ыға бастаған уақытта да су тасқыны мә­се­лесі күн тәртібіне көтеріледі. Жам­был облысы әкімдігі табиғи ресурс­тар және табиғат пайдалануды реттеу бас­қармасының басшысы Серік Қой­ба­қов ағын су жүйелерінің суару мау­сы­мына және өңірдің көктемгі су тас­қы­нына тосқауыл қоюға дайын екенін ай­тып отыр. Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы