• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2017

500 жұмыссыз астаналық тегін оқыту курстарынан өтеді

157 рет
көрсетілді

Астанада 500 жұмыссызға тегін оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр, деп хабарлады қаланың қызмет көрсету орталығы. Астаналықтар үшін  мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиелеушілерін дайындау, наубайханашы, аспаз, тігінші, шаштараз,  электромонтер,  электр қондырғылары бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу,  даяшы  бойынша  қысқамерзімді курстар ұйымдастыру жоспарланған. Халықты жұмыспен қамту жөніндегі ведомствоаралық комиссия өтініштер мен қысқамерзімді оқытуға қатысуға үміт білдіргендердің таныстырылымын  қарап шықты. Айта кетейік, 2017 жылы   2017-2021 жылдарға арналған  тиімді жұмыспен қамту  және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында  500 жұмыссыз адамды тегін оқыту курстарынан өткізу жоспарлануда. Айта кетейік,өз мүмкіндіктері мен әлеуетін  14 оқыту орталығы мен Астана колледждері таныстырды. Комиссия қорытындысы бойынша  8 білім беру мекемесі таңдалды.