• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2011

Мұнайшылар қиын сәтте қолдау көрсетті

369 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қыз­мет­керлері Елбасының Батыс Қазақстан облысы халқына көмек көрсетуге шақыруына үн қосты. «Нұр Отан» ХДП ҚМГ БӨ орталық аппаратының партиялық тобы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне компанияның барлық қызметкерлеріне өздерінің үн тастауын ұсынды. Елбасы онда су тас­қынынан зардап шеккен халыққа қазақстандықтарды көмек көрсетуге шақырған болатын. «Келіңіздер, қолдауға нақты мұқтаждардың барлығына жәрдем қолымызды созайық. Барлық қазақстандықтардың нағыз бауырлас­тығы осылайша ғана беки түсетін болады. Адамдар қаза тапқан Қызылағашта осылай болды. Барлығы үн қатты, адамдар соңғы сайлаудағыдай бірлік танытты, біз текке жұмыс істемейтінімізді көрсеттік», деді өткен дүй­сенбіде Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында Елбасы. ҚМГ БӨ бас директоры Аскар Балжанов Атырау облысына осы аптада барған сапарында және «Жылыоймұнайгаз», «Қайнар­мұ­най­газ», «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының еңбек ұжым­да­рымен және басқа мұнайшылармен кездесу кезінде ол зардап шеккен отандастарымызға бір күндік жалақыларын аудару бастамасын көтерді. Мемлекет басшысының, «Нұр Отан» партиясының шақыруларын және өздерінің әріптестерінің бастамаларын ҚМГ БӨ орталық аппа­ратының қызметкерлері, Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» және Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиал­да­рының, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметкерлері қолдады. Су тасқынының салдарын жою үшін көмек қорына бір күндік жалақы аударылатын болды. Апат аймағында қалған адамдарға қолдау көрсе­ту­ге алдын ала есептер бойынша, кемінде 50 миллион теңге жіберіледі.