• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Идеология – береке-бірлікте

586 рет
көрсетілді

Мемлекет тарихы институты­ның кіреберісінен Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың: «Ұлттық та­рихты жиырма бірінші ғасыр­дың өлшемдері шеңберінде ұғыну ұлттық идеяны тұжырымдаудың алғашқы қадамы болып табы­лады» деген сөзін оқуға болады. Оған көз тоқтатқан адам ұлттық тарихтың негізінде қ­ұ­рыл­ған ұлттық идеологияның жа­ңа ғасыр дамуына нендей үлес қоса алатын­дығын бірден түйсінеді. Өміршеңдігін жоғалтпайтын, елдік тұрғыда тарихпен сабақта­сатын мұндай тақырыптар елор­да­дағы Мемлекет тарихы инс­ти­тутының ұйымдастыруымен бо­лып өткен «Қазақстандық қоғам­ды топ­тастыру: қамтамасыз ету жолдары және механизмдері» ат­ты теория­лық-методологиялық се­­ми­нар­да тал­қыланған болатын. Семинар бары­сында ұлт тарихы, ұлт­тық идеология, дін мен діл, қоғам дамуы үдерісіндегі саясат пен үрдістің өзара сабақтас­тықтары мен ерекшеліктері жайында  әңгі­ме қозғалды. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың 2011 жылдың 28 қаңта­рын­дағы «Бо­лашақтың іргесін бір­ге қалай­мыз» атты Қазақстан халқы­на Жол­дауына, Мемлекет басшы­сы­ның Қа­зақстан халқы Ассам­блеясының XVII сессия­сын­да қой­ған міндеттеріне сәйкес тәуелсіз Қазақстанның бәсекеге қабілетті­лі­гіне және гүл­денуіне жету, қа­зақ­стандық қоғам­ның бірлігі мен топтасуын қам­та­масыз ету жол­дары мен тетіктерін ғылыми тұрғыда талқылау мә­селесі се­ми­нардың басты мақ­саты болды. Еліміздің ішкі саясат саласын­дағы қазіргі даму үдерістеріне, ұлттық менталитеттің дара сипа­тына, іргелі идеологияның құры­лым­дық әсеріне Парламент Мәжі­лі­сінің депутаты, профессор Камал Бұрханов кеңінен тоқталды. «Ха­лық тыныш әрі бейбіт өмір сүру үшін оның барлық жағдайын жасап қойса болды, қалғанының бәрі өздігінен реттеле береді деген қате түсінік. Қоғамның бар­лық сала­сына, мемлекетке идеология керек. Идеология – көпші­лік бірдей түсіне бермейтін  күр­де­лі және бір мезгілде керекті құбылыс. Ол халыққа жақсы өмір сүруге жағдай жасал­ған, бірақ идеологиядан жұрдай мемлекеттер де бар емес пе», дей келе, бірнеше елдердің дамуына идеоло­гияның ықпалы жөнінде аз­ды-көпті ой тарқатты. «Ливия, Бахрейн, Сауд Арабиясы елдерінде ІЖӨ адам басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда ол 9 мың долларға тең. Ливияда адам басына шақ­қан­дағы ІЖӨ Қазақ­станға қара­ғанда екі есеге көп, мемлекет жер­­гілікті халыққа көптеген ар­тық­шылықтар мен жеңілдіктер беріп келеді. Атап айтқанда, ең арзан не болмаса тегін газ бен жа­рық соларда. Автомобиль сатып алса, мемлекет оның жартысын өз мойнына ала­ды, ал қалған бөлігі­не бірнеше жыл­ға жеңілдетілген несие береді. Ливияның әрбір жас отбасына аяқ­қа тұрып кету үшін мемлекет 60 мың АҚШ долларын бөледі. Басқа не керек деп ой­лайсыз? Бірақ бір жерде олқы­лық бар деген сөз. Ендеше халықтың жағдайын жасап қойсаң, олар бейбітшілікте өмір сүре береді деген ұғым қате. Оны Ливия мен Бахрейн көрсетті. Мемлекетке керек идеология деген осы», – деді ол. Қоғамның даму ерекшеліктеріне Мемлекет тарихы институ­ты­ның директоры Аяған Бүр­кіт­бай да тоқ­тала кетті. «Бүгін­гі күні Солтүстік Африкада, Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде орын алып жат­қан жағдайлар, Қазақ­стан қоғамына одан сайын біріге түсу, топтаса түсу қажеттігін көр­сетті. Осы жолғы кезектен тыс президенттік сайлау біздің елде мығым ауызбірлік пен жоғары ынтымақ бар екендігін тағы бір дәлелдеді», – деді ол өз сөзінде. Қоғамның тұрақты дамуын, бірлігін және топтасуын қамта­масыз ету, ұлттық идеяларды қа­лып­тас­тыру, тәуелсіз Қазақ­стан­дағы бірегейлік, этноұлттық және тіл сая­сатындағы теория­лық-практикалық мәселелер де осы семинарда қызу талқыға түсті. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.