• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2017

Алматылықтар ағаш кесуге қарсы петиция дайындап жатыр

302 рет
көрсетілді

Алматы қаласының белсенділері ағаш кесуге қарсы күрес бастады.

"Біз қала басшылығы мен тұрғындарының табиғатпен қарым-қатынасын түбегейлі өзгертпекпіз. Өкінішке қарай, жаппай ағаш кесу тыйылар емес. Таяуда ғана Үлкен Алматы өзені бойындағы 3800 түп ағаштың кесілетіні туралы ақпарат шықты", - деп өз наразылығын білдірді белсенді Абай Ерекенов. 

Қала тұрғындары жергілікті биліктен мынаны талап етеді: 

— Алматыда үш жылға дейін ағаш кесуге мүлде тыйым салу;

— тәуелсіз экологтар мен белсенділерден құралған "жасыл" комиссия құру;

— табиғат ресурстарын басқару мен реттеуге қатысты рұқсаттама, бақылау және тексерудің барлық қызметтерін осы комиссияға жүктеу және Жемқорлыққа қарсы қоғамдық сараптама жүргізу.