• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Бокс 23 Сәуір, 2017

Мексикалық боксшы Головкинді рингке шақырды

99 рет
көрсетілді

Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өткен бокс кешінде орта салмақтағы WBO чемпионы, мексикалық боксшы Хильберто Рамирес (35-0, 24 КО) украиндық Макс Бурсакты айқын басымдылықпен (33-5 1,15 КО) жеңді, деп хабарлады sports.kz.

StubHub Center аренасында өткен бұл жекпе-жекте Рамирес супер орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін алғаш рет қорғады.  

Ал, Boxingscene.com-ның хабарлауынша жекпе-жек аяқталған соң  Хильберто орта салмақтағы  WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) бокстасқысы келетін айтып, рингке шақырды.