• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2017

Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі кеңес

122 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Үшінші жаңғыру: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты ха­лыққа Жолдауын экономиканы жыл­дамдатылған технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде іске асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында әлемдік инновациялық көшбасшы ком­паниялармен бірлескен ынты­мақтастық орнату мәселелері, сонымен қатар, Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар қаралды. Б.Сағын­таев кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар­ға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жаңа жолаушылар терминалының құрылысымен танысты

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында Премьер-Министр Б.Сағынтаев Астана әуежайын аралап, жаңа жолау­шылар терминалдарының құрылысы барысымен танысты, сондай-ақ, әуежайдың қолданыстағы терминалдың жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Астана әуежайының жолаушы­лар терминалын жөндеу «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау аясында 2015 жылдың қаңтарынан бастап жүргізіліп жатыр. Жобада жалпы ауданы 47 000 ш.м. болатын терминал салу қарастырылған, оны аяқтаған соң әуежайдың өт­кізу қабілеті жылына 8,2 млн-нан астам жолаушыны құрайды.  

1 маусымға қарай жаңа тер­минал бірінші рейстің жолау­шыларын қабылдауға дайын болады деп күтілуде.

Цифрлы технологиялар дамытылмақ

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Президент Н.Назарбаевтың Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері және халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы бойынша тапсырмаларды іске асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында, Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 аумағын аралау кезінде өз сөзін­де айтып өткендей, Астана қала­сын елі­міз­де­гі цифрлы  техно­логияларды енгізу­ге арналған негізгі алаң ре­тін­де дамыту мәселелері талқыланды.  Осыған байланысты Премьер-Министр Б.Сағынтаев елор­да әкімдігіне ғана емес, барлық мемлекеттік орган­дарға елорданың көлік инфра­құрылымын, тұрғын үй секторын, қала басқармасының барлық сала­ларында заманауи цифрлы технологияларды енгізуді ауқым­ды дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.