Себебі, бұл жарияланымда еліміздің мемлекеттік идеологиясының болашақ дамуының бағдары және өркендеу эволюциясының маңызды кезеңдері, бүгіні мен болашағы зерделенген.
Елбасы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтай білу» дейді. Ал ұлттық кодты сақтау балаларымызды тәрбиелеуден басталады дер едім. Біз, ұстаздар, осы мақаладан тәрбие мәселесіне айқын әрі нақты бағдар алып отырмыз. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде іске асырылып жатқан «Туған елге – тағзым», «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы», «Қазақ әндері», «Жүз күйдің тарихы», «Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларына ұсынылатын жүз кітап», «Таратуға тұрарлық идеялар: TEDx қазақша конференциялары», «Ауылдағы екі апта» және тағы да басқа әлеуметтік жобалары алдағы уақытта жаңа мазмұнмен толықтырылатын болады. Елбасы биылғы Жолдауында да білім мәселесіне баса назар аударып еді. Бұны өскелең ұрпағымызға деген үлкен қамқорлық деп түсінеміз.
Күләш ШӘМШИДИНОВА,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру
ұйымының Басқарма төрайымы
Суретті түсірген Валерия БУГАЕВА