• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Сәуір, 2017

2020 жылға дейін әуе қорғаныс күші толық жабдықталады

347 рет
көрсетілді

Әуе қорғаныс күштерін жабдықтау үшін жаңа зымырандар мен ұшақтар алынды. Әскери-көліктік авиацияны 2020 жылға дейін толық жабдықтаймыз, деді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ҚР Парламенті Мәжілісінің Қарулы күштер қызметі бойынша үкіметтік сағатында.

«Әуе қорғаныс күштерін жабдықтау үшін "4++" зымырандары мен СИ-295 әскери-көліктік ұшақтары келіп түсті. Биыл екі топтама алдық, осылайша әскери-көліктік авиацияны жабдықтауды толығымен аяқтаймыз. Бүгінде төрт әскери авиацияға шабуылдау тікұшағы мен Ми-35 жауынгерлік тікұшағы келіп түсті, тағы төртеуі келуі керек» деді министр. 

Министірліктің мәліметі бойныша петропавлдық радиостанция зауытының арқасында тактикалық топ заманауи радиостанциялармен 90%-ға қамтылған. Ендігі шешілмей отырған мәселе, әскери-әуе күштерінің бір бөлігі – майдан авиациясы. 

«Бүгінде ҚР Қарулы күштерін қарулы әскери техникамен жабдықтау 92 пайызға жетті. МиГ-27, МиГ-23, МиГ-29 ұшақтары шығарылып жатыр. Екі су-30 ұшағының келіп түседі деп жоспарланған. Жоғары бас қолбасшыға бұл ұшақтардың аса қажеті екені және жыл сайын төртеуін қабылдап отырсақ дұрыс болатындығы турасында айтылған», - деп атап өтті С. Жасұзақов.