• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Сәуір, 2017

Сағынтаев Қазақстанның еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті

115 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы инвестиция және салық ахуалын жақсарту, сонымен қатар аграрлық азық-түлік индустриясын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.

Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы (ҚЕБҚ) – еуропалық компаниялар және Еуропалық одақ делегациясының бастамасымен 1999 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым. ҚЕБҚ өз құрамына 150-ден астам компанияны біріктірді, олардың ішінде: әлемге әйгілі халықаралық, еуропалық және қазақстандық компаниялар, Еуропадағы және әлемнің басқа елдеріндегі дипломатиялық миссиялар бар.