Бүгін бірқатар БАҚ-та KazSport HD телеарнасы таратылымын толықтай тоқтататыны жөнінде ақпарат таралып, әлеуметтік желілерде белсенді талқыланған болатын. Алайда Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook парақшасында ақпараттың жаңсақ екендігін хабарлады.