• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Президент 25 Сәуір, 2017

Еуразиялық даму банкінің қызметі қаралды

243 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мем­лекет басшысына банктің қыз­меті, сондай-ақ, оның бұдан әрі даму перспективалары мен ба­­сым­­дықтары туралы мәлім­делді.

Нұрсұлтан Назарбаев Еура­зия даму банкінің құрылу мақ­сатына, оның алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқ­талып, интеграциялық жобалар­ды қар­жыландырудың маңыз­дылығын атап өтті.

– Банктің негізгі құрыл­тай­шылары – Қазақстан мен Ресей. Банк Еуразиялық экономикалық одақтың мүддесі үшін құрылды. Жұмыстың таңдалған бағыты дұрыс. Қазақстан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүм­­кін­дігін қарастыруды ұсы­на­мын, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Пре­зи­денті Еуразиялық эконо­ми­калық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға несиені қоса қаржыландыру шартымен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.

– Көлік-инфрақұрылым, су және аграрлық бағыттағы ортақ жобаларды қоса қаржы­лан­дыруға банктің мүмкіндігі бар. Бұл жобалар одаққа мүше барлық мемлекеттер үшін жүзеге асырылатын болады. Мұндай жобалар, ең алды­мен, оларды ұсынатын Еуразия­лық экономикалық комиссия­ның жұмысына байланысты болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Панкин Қазақстан Пре­зи­дентіне жаңа жобалар жөніндегі шарттардың жасалу барысы туралы, сон­дай-ақ, банктің несиелік қоры­ның ахуалы, оның өткен жыл қо­ры­­тындысы бо­йынша айтар­лық­тай артқаны жөнінде баян­дады.