Кездесу барысында Қ.Әбдіраxманов Ислам әлемі мен оның сыртында ғылым мен теxнологиялар саласын дамытудағы Қатардың үлесін айта келе, Қазақстанның елордасында 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте өтетін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылым және теxнологиялар жөніндегі саммитіне Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруын әмірге жеткізді.
Осы орайда, «жасыл экономика» теxнологияларын дамыту саласында Қатардың жинаған оң тәжірибесін ескере отырып, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне Қатар тарапының қатысуға дайындығы жөнінде сөз қозғалды.
Тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының жағдайы мен перспективаларын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң динамика байқалуда екенін атап өтті.
Сұxбаттасушылар xалықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды, соның ішінде Сириядағы жағдайды, Астана процесінің даму барысы мен қатысушылар құрамына араб елдерін, атап айтқанда, Қатарды тарту арқылы оның ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін қызығушылықпен талқылады. Министр әмірді Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі 2017-2018 жылдарғы мүшелігінің негізгі басымдықтарымен таныстырды.
Қазақстанның сыртқы сая-
сат ведомствосының басшысы өзінің қатарлық әріптесі Мұхаммед бен Абдрахман әл-Танимен келіссөздер жүргізуі барысында әмірдің Астанаға 2014 жылғы қаңтардағы сапары мен Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қазандағы Дохаға сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің көпшілігі іске асырылып, екіжақты ынтымақтастықта елеулі белсенділік байқалатынын атап өтті.
Сұхбаттасушылар терроризмге қарсы күрес және экстремистік идеологияларды таратуға қарсы күресте халықаралық күш-жігерді үйлестіру жайын талқылап, осы орайда сындарлы өркениетаралық үнқатысудың мәні зор екенін атап көрсетті. Қ.Әбдірахманов Қатар тарапына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін Астанада өткізуде белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Тараптар барлық, оның ішінде сауда және көлік-логистикалық бағыттар бойынша өзара ықпалдастықты әрі қарай арттыруға мүдделілік танытты. Экономикалық дипломатия бағыты бойынша екі елдің сыртқы саясат ведомстволары қаржы және инвестициялық салалардағы байланыстарын табысты дамытып келеді. Сондай-ақ, биыл Қазақстан-Қатар комиссиясының жоғары деңгейдегі 5-ші кезекті отырысы мен Астанада 1-ші Қазақстан-Қатар бизнес-форумын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қатардың Орталық банкі «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы, оның ішінде исламдық қаржыландыру құралдарын Қазақстанға ендіру бойынша ынтымақтастық серпінді даму үстінде. Қатар тарапы Қазақстанның мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қызығушылық білдірді.
Қатар мемлекеті Қазақстанға Астана қаласы құрылысында, атап айтқанда, «Нұр Астана» Ислам мәдени орталығын салу кезеңінде маңызды қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Қатар тарапының қаржысына Қазақстан елордасында орта мектеп салынуда, сонымен қатар, әлеуметтік салада бірқатар жобаларды жүзеге асыру бо-
йынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Қатар араб елдерінің ішінде алғашқы болып Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына енді.
Қ.Әбдірахманов Дохадағы кездесулерінде, сондай-ақ, сұхбаттасушыларын жақында болған Қазақстанның конституциялық реформаларының қорытындыларымен, «Үшінші жаңғырудың» негізгі аспектілері және Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мазмұнымен таныстырды.
Қ.Әбдірахмановтың өңір елдеріне турнесі енді Сауд Арабиясы және Кувейт елдеріне жұмыс сапарларымен жалғасады.