Облыста тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Жеңіс күнінде 500 мың теңге сыйақы берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Зырьян ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде айтты.
Ат төбеліндей аз қалған ардагерлерді ардақтамағанда басқа кімге құрмет көрсетеміз? Майданда қан кешкен қарияларымыз бұл сыйақыны бүгінгі бейбіт күнде өздерінің ұл-қыздары, немерелері мен шөберелерінің игілігіне жұмсап жатса, жақсы емес пе?», – дейді аймақ басшысы.
Реті келгенде айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 330 ардагері тұрады.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы