«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау - бұл қоғам қабылдайтын, ұйымдастырылған іс-қимыл арқылы аурулардың алдын алу, өмір сүруді ұзарту және денсаулықты нығайту жөніндегі ғылым мен тәжірибе», - деді министр. Оның айтуынша Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау моделі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айқындаған функциялар негізінде жүзеге асырылады. Олар:
- тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын эпидемиологиялық қадағалау;
- шұғыл жағдайлардың адам денсаулығы үшін қауіптілігіне мән беру, мониторинг жүргізу;
- қауіпсіз қоршаған ортамен, еңбекпен, азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, денсаулықты қорғау;
- стратегиялық басшылық; білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
- тұрақты ұйымдастыру құрылымдарымен қамтамасыз ету;
- ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру;
- зерттеу шараларын дамыту болып табылады.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда медициналық шығындардың 95-96 пайызы инфекциялық емес созылмалы ауруларға жұмсалады. Оның ішінде жүрек-қан тамыр және қатерлi iсiк аурулары, созылмалы респираторлық аурулар, диабет секілді ауруларға бөлінетін шығындардың өсукені байқалады.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министр 2016 жылы ДДСҰ-мен бірлесіп қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі жедел қызметтеріне өзін-өзі бағалау жүргізілгендігі туралы айтты. Бұл қызметтің міндеті - халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту.