• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 25 Сәуір, 2017

«Атырау» футбол командасына 6 ұпай қайтарылды

184 рет
көрсетілді

ФИФА шешімімен «Атырау» футбол командасынан тоғыз ұпай алынып тасталған еді. 2012 жылдан бері жинақталған қарыздың ақыры осылай болды.

Алайда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет «Маусымды минустық көрсеткішпен бастап отырғанымызға қатысты біздің кінәрат-талабымыз бар» деп федерацияның бұл шешімімен келіспейтіндерін айтқан. Осы мәселе бойынша клуб Лозаннадағы төрелік сотқа жүгінді. «Атырау» ФК директоры Тимур Нигимов футбол жанкүйерлерін жақсы жаңалықпен қуантты: ФИФА мәселені төрелік сотқа дейін жеткізбей, шешімін өзгертті. Нәтижесінде алынып тасталған тоғыз ұпайдың алтауы кері қайтарылды», - дейді ол.

Тағы бір жаңалық - енді мұнайлы аймақтың спортшыларын ресейлік бапкер Сергей Павлов жаттықтырады. Ал бұрынғы бапкер Зоран Вулич отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кеткен. Бұған дейін көптеген командалармен табысты жұмыс істеген Сергей Павлов «Атырауды» да алға бастарына сенімді.

Бақытгүл Бабаш,

«Егемен Қазақстан». 

Атырау 

Соңғы жаңалықтар