• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Сәуір, 2017

Республиканың үш облысында жол жабылды

241 рет
көрсетілді

​Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстардағы республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынына байланысты автокөліктер қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлады «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.

25 сәуір күні, Қостанай облысында су тасуына байланысты (715 км.+500 м су алды) «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 686-729 шақырымы, Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

 Су тасқынына байланысты СҚО-да «Челябинск-Новосибирск» тасжолының 525-530 шақырым аралығында «Мамлютка» айналма жолынан 20-мөлтек ауданына дейінгі учаскесінде (528, 529 км су алды) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды. Одан бөлек, облыс бойынша тасжолдардың бірқатар бөлігін су жырып кетті: 1. «Екатеринбург-Алматы» 766 км (жырылған жол жиегінің ені - 200 м). 2. «Екатеринбург-Алматы» 797 км («Жем Барак» өзенінің үстіндегі көпір жырылып (көпірдің ұзындығы - 46 м), конус пен өтетін тақта жарылған). 3. «Екатеринбург-Алматы» 835 км («Ақан Бүрлік» өзенінің үстіндегі көпір жырылып (көпірдің ұзындығы - 70 м), конус пен өтетін тақта жарылған). Автокөліктер қозғалысына шектеу жоқ.

ОҚО-да дәл осы себепті «Самара-Шымкент» жолының 2217-2235 шақырым аралығына (көпірдің 2229 шақырымы) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Арыс өзенінің жағалау бекінісі мен көпірдің жағалау тіреуін су шайып кетті. Бұл учаскені Темірланов ауылы арқылы айналып өтуге болады. «Қазақавтожол» РМК облыстық бөлімшесінің мамандары су тасқыны орын алған учаскелерде бекіту жұмыстарын жүргізуде, ескерту белгілері қойылды. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар