• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 25 Сәуір, 2017

​Сенаторлар легионерлерге кететін шығындарға алаңдаушылық білдірді

204 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңйтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Заң жобасымен еліміздің Бюджет кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, Ұлттық олимпиада комитетіне 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік тапсырманы алуға және оған қатысуға құқық беруді көздейді. Сондай-ақ спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу ұсынылды. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарға қосымша міндеттер беріледі. 

Заң жобасындағы бірқатар ережелер бойынша қызу пікірсайыс өрістеді. Сенаторлар Жабал Ерғалиев пен Әли Бектаев шетелдік легионерлерді тартуға кететін елеулі қаржының шығысына алаңдаушылық білдірді. Депутаттардың айтуынша, аймақтардағы спортты қаржыландыруға бөлінетін қаржының 40-50 пайызы кәсіби футбол топтарына беріледі. Дегенмен, дене шынықтыру және спорт саласындағы футбол мен спорттың кейбір басқа түрлерінің нәтижесі төмен деңгейде қалып отыр.

Біздің еліміздегі легионерлерге бөлінетін қаржының жалпы сомасы туралы депутат Владимир Редкокашиннің қойған сауалына дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков нақты жауап айта алмады. Министрдің орынбасары кәсіби футбол клубтары бюджетінің жабықтығын айта отырып, клубтардың мемлекет қаржысы есебінен қаржыландырылатынын жеткізді. Министрлік өкілі спорттың жекелеген түрлері түрлері бойынша легионерлерді тарту өзін өзі ақтағанын айтты.

Сенаторлар Жабал Ерғалиев, Әли Бектаев және Серік Бектұрғанов ұлттық спорт түрлерін қолдауға шақырып, дарынды балаларға арналған облыстардағы спорттық мектеп-интернаттарға қалған қаржыны беру дағдысына назар аударды.

Пікірсайысты қорытындылай келіп, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова қабылданған ережелер осы саланың айқындығын қаматамасыз ететініне, олимпиялық және параолимпиялық қозғалыстарды, ұлттық спорт түрлерін дамытуға қызмет ететінін үміт артатынын жеткізді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар