• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2011

Кооперативке біріккендер пайдаға шықты

409 рет
көрсетілді

Көктем қашанда қауырт еңбекке толы. Биыл өңірде 907,1 мың гектар алқапқа дән себу жоспарланса, диқан-механизаторлар қимылы ширақ. Және сүдігер көтеру, қопсыту, көкөніс, қызылша егу жұмыстары да қарқын алған. Әрине, осы қат-қабат тірліктің қайтарымды болуы техника күшінің жеткіліктілігімен өлшенетіні заңдылық. Енді мәселе толық шешімін табатын болды. Бұдан былай өңірдегі ауыл шаруашылығымен айналы­са­тын қожалықтарға сервистік орталық өз қызметін ұсынады. Аталған сала техникалық жа­ғы­нан жақсы жарақтан­ды­рыл­ған қуатты кәсіпорындармен бірлесіп, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылық өнім­де­рін өндіруді молайту, экс­порт­тық әлеуетті қалыптас­ты­ру мен негізгі азық-түлік ба­ға­сының өсуіне жол бермеу тә­різ­ді мәселелерді жолға қояды, қадағалайды. Елбасының Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатымен «Жетісу» әлеумет­тік-кәсіпкерлік корпорация­сы­ның көмегімен жаңа ұйым­дас­қан «Жаркент», «АгроФуд» және «Көксу» орталықтары жұ­мыстарын жүйеледі. Мемлекеттен техника алу мен қызмет көр­сетуге ғана бюджеттен 680 млн. теңге бөлініпті. Жобаның негізгі мақсаты ұсақ шаруа қожа­лықтарының басын біріктіріп, ірілендіру. Өйткені, «Жұмыла кө­тер­ген жүк жеңіл», деп бекер ай­тылмаған. Панфилов ауданында егін егумен айналысатын 100-ге жуық ұсақ қожалық бірігіп, ірі ауылшаруашылық кооперативін құрды. Нәтижесінде 12 жаңа техника алды. Жаркенттіктер негізінен жүгері өсірумен айналы­са­тыны белгілі. Бірігудің ұтар тұсы – жанар-жағар майдан таршылық көрмейді. Егістіктің құнарлылы­ғын арттыруға да тиімді. Ең бастысы, енді техника жеткілікті. Шаруалардың 3-5 гектар егістік жері бар. Онымен шаруалар еш уақытта кең көсіліп, тұщым­ды тіршілік кеше алмайды. Біз ұзақ жылғы мақсатымызға жеттік. Міне, көктемгі дала жұмыс­та­рына жаңа техникаларды ке­ңі­нен пайдаланудамыз, деді шаруа қожалығының төрайымы Тұр­сынай Жантағұлова. Сервистік дайындау орта­лық­тары да осы мақсатта құрылған. Облыстағы ұсақ шаруашылық­тар­ға қызмет көрсетеді. Қап­ша­ғайдағы «АгроФуд» серіктестігі де су жаңа трактор, соқа, дән сепкіш, жер жыртқыш, тағы басқа егістікке қажетті 20 техникаға ие болды. «АгроФуд» серіктестігінің ди­рек­торы Оңлан Өтеулінов әңгі­ме­сінде орталық жерді өңдеуден бастап, дән егуге, күтуге, шабуға, өнімді сатуға да көмектесеміз. Осы мақ­сатпен техника алып отырмыз, деді. Үш орталық Белоруссия мен Ре­сейдің озық 121 ауылша­руа­шы­лық техникасын сатып алған. Бұл шаруаларға 10 жылға лизингке берілгенін айтқан жөн. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы банктер сияқты техника құнына өсім қос­пай­ды. Алғашқы үш жыл жеңіл­дік­пен, 7 жыл бойы біртіндеп төлейді. Одан әрі құны өтелген техникалар шаруалар меншігіне ауысады. Жобаның екінші кезеңінде «Агро­Фуд» сервистік дайын­дау орталығында сыйымдылы­ғы 6 мың тонналық көкөніс сақ­тайтын қойма салуды жос­парлаған. Ол іске қосылғаннан кейін шаруалар өнім­дерін са­па­сын жоғалтпайтын заманауи қоймада сақтайтын бо­лады. Қуатты «КамАЗдар» мен өнім­ділігі жоғары «Беларусь» трак­торлары, астық жинайтын комбайндар мен шөп тырма­лап, тайлайтын, мая салатын, со­қалар мен тұқымсепкіштерді, оларға техникалық қызмет көрсететін жылжымалы кешендерді қаз-қатар қойғанда жер төсін емгендерге деген қамқорлық бірден көзге түседі. Арнайы стенділерде мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, жаңа қызмет көрсету орталықтарының даму болашағы, тіпті бүгінгі күні берілетін техниканың саны мен жалпы құны көрсетіліпті. Мәлі­мет­терге сүйенсек, қапшағайлық­тар ғана жалпы құны 121 млн. 299 мың теңге болатын 26 техни­каны егістік алқаптарына аттан­дырып үлгерген. Егін шаруашылығы қызмет­керлеріне сонымен бірге офис бөлмелерін, мәшине аулаларын, қоймалар мен қосалқы бөлшек­тер мен жанармай сақтайтын орын­дарды, қырмандарды төмен бағада жалға алу қызметтері ұсынылған. Кейін өсірілген өнімді қабылдап, тазалау мен кептіру, сақтап, қайта өңдеуден өткізумен айналысатын кешендер құрылатыны да жақсы істің жалғасы деуге болады. Жетісудың топырағы құнарлы дала төсі дүбірге бөленіп, жаңа техникалар молшылық негізін қалауға кірісті. Дихан қауы­мы­ның ертеңге деген сенімдері нық. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.