• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Мамыр, 2011

Табиғатқа қамқорлық қажет

1263 рет
көрсетілді

Қоршаған ортаны аялау барша адамзаттың парызы десек, сол табиғат ананың ертеңіне бү­гіннен алаңдаудың артықтығы жоқ секілді. Қай нәрсенің де ал­дын-ала отырып жүйелі жұмыс­тар атқарса, оның берері де мол болмақ. Міне, осы тұрғыда Астанада халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер тура­лы Рамсар конвенциясының 40 жылдығы мерекесі шеңберінде Конвенция Хатшылығы (Швейцария) ел Үкіметінің ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі жобасы­мен бірлесіп «Биоалуантүрлі­лікті сақтау және сулы-батпақты жерлердің ресурстарын орнық­ты пайдалану» атты халықара­лық ғылыми-техникалық конференция өткізді. Оған Италия, Бе­ларусь, Украина, Ресей, Өз­бек­стан және Қырғызстаннан са­рапшы мамандар мен еліміз­дің бірқатар министрлігінен өкілдер қатысып, ой бөлісті. Жоба менеджері Талғат Кер­тешевтің айтуынша, конферен­цияның негізгі мақсаты ТМД елдерінде сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі қызмет­тің нәтижелерін көрсету болып табылады. Басқосуға қатысу­шылар биологиялық алуантүр­лілікті сақтауда, сулы-батпақты жерлердің экожүйелерін сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіруде, сондай-ақ ерекше қорға­латын табиғи аумақтар желісін дамытуда және баламалы қыз­мет түрлерін енгізуде тәжі­рибелер алмасты. Кон­ференция ба­ры­­сында СБЖ бас­қару саласындағы заңна­малық база­ның өзек­ті мәселе­лері, био­алуан­түр­лілікті сақ­тау жол­дары, эко­ағар­ту мен экобі­лім­ді және СБЖ ре­сурстарын орнықты пайдалану әдісте­рін енгізу жөніндегі түрлі қа­дамдар тал­қы­лан­ды. Сонымен қа­тар, Рамсар ныса­ны және ЮНЕСКО табиғи мұра нысаны болып табылатын Теңіз-Қор­ғал­жын көлдер жүйесіне экс­курсия да конференция бағдарла­масына енгізілген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық ша­руа­шылығы комитетінің төраға­сы Ерлан Нысанбаев сулы-бат­пақты жерлерді сақтау, яғни та­би­ғатына барынша қамқор болу әр адамның азаматтық парызы екенін айта келе, бұл тұрғыда кейінгі жас толқынның атқарып жат­қан жұмыстары көңіл қуанта­тын­дығына тоқталды. Туған то­пырақ табиғатын көздің қарашы­ғын­дай сақтап, оларды былайғы жұртқа таныстыруда арнайы ор­талықтардың жұмыстарын да ерек­ше атады. Сондай-ақ, ол Қор­ғалжын қорығына келіп қо­натын қоқиқаздардың бұдан бес-он жыл бұрынғы саны 30-40 мың­ды құ­раса, кейінгі жылдары бұл көр­сет­кіш 80 мыңға жуық­тағанын да назардан тыс қалдыр­мады. Бұл, әрине, қуанышты жағдай. Мұнда бұл тыныштық факторының сақ­та­лып отырғандығының белгісін байқатады, деді ол. Осыдан тура қырық жыл бұ­рын Иранның Рамсар қаласында ең алдымен суда жүзетін құстар­дың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-бат­пақты алқаптар туралы конвен­цияға қол қойылса, бұл құжат одан әрі Рамсар конвенциясы (Ramsar Conbention) атауына ие болған. Қазіргі таңда құжатқа 160 мемлекет қол қойса, дүние жүзі бойынша 1900-ден астам табиғи аумақ халықаралық маңызы бар СБЖ-нің Рамсар тізіміне енгізілген. Еліміз аталған конвенцияға 2007 жылдың мамырында қосыл­ған. Бүгінгі күні конвенцияның халықаралық тізіміне Қазақстан­ның 7 сулы-батпақты жерлері кіреді. Олар: Теңіз-Қорғалжын көл­дер жүйесі, Алакөл-Сасық­көл көлдер жүйесі, Жайық өзені­нің атырауы мен оған іргелес Каспий теңізінің жағалауы, Жарсор-Орқаш соры, Қойбағар-Тым­тәуір көлдер жүйесі және Наурызым көлдер жүйесі. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.