• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 121

452 рет
көрсетілді

2011 жылғы 10 ақпан                № 121            Астана, Үкімет Үйі Болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау қағидасы бекітілсін. 2) Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 121 қаулысымен бекітілген Болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылға 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және болашақ ұрпақ мүддесінде минералдық шикізат қорларын сақтау үшін жер қойнауы учаскелерін консервациялаудың тәртібін анықтайды. 2. Консервациялауға қазіргі уақытта өндіру және қайта өңдеу технологияларының жоқтығына байланысты тиімсіз болып табылатын пайдалы қазбалардың қорларын құрайтын жер қойнауы учаскелері жатады. 3. Қағида пайдалы қазбалардың кен орындарын өндіруге, аралас барлауға және өндіруге арналған қолданыстағы келісімшарттарға енгізілген жер қойнауы учаскелеріне таралмайды. 2. Жер қойнауы учаскелерін консервациялаудың тәртібі 4. Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – ҚМК) пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау мен қорларды санау жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушы ұсынған геологиялық материалдар бойынша жер қойнауына мемлекеттік сараптаманы жүргізеді. ҚМК жер қойнауының мемлекеттік сараптаманың нәтижесі бойынша мемлекеттік балансқа енгізілген барланған қорларды игерудің рентабельділігі немесе рентабельді еместігі туралы қорытынды береді. 5. Қазіргі уақытта өндіру мен қайта өңдеу технологияларының жоқтығына байланысты барланған қорлардың кен орындарын игерудің рентабельділігі туралы ҚМК-нің қорытындысы негізінде мұндай кен орындарының қорлары пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында болашақ ұрпақ мүддесінде тоқтатылған ретінде ескеріледі. 6. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ҚМК-нің қорытындысына сәйкес пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында тоқтатылған кен орнының атауының алдына «тоқтатылған» деген белгі қояды. 7. Жер қойнауы учаскелерінің жай-күйінің мониторингін оларды болашақ ұрпақ мүддесінде сақтау мақсатында консервациялау уақытында уәкілетті орган жүзеге асырады. 8. Уәкілетті органға жер қойнауын пайдаланушыдан тоқтатылған кен орнының барланған қорларын игерудің экономикалық негізділігі және тиімділігі туралы өтініш түскен жағдайда, ҚМК жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізеді. «Жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың нәтижесі бойынша МҚК жер қойнауын пайдаланушыдан өтініш түскен тоқтатылған кен орны қорларын игерудің рентабельділігі немесе рентабельді еместігі туралы қорытынды береді. МҚК тоқтатылған кен орнын игерудің рентабельділігі туралы қорытынды берген жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік баланста осы кен орнынан «тоқтатылған» деген белгіні алып тастайды.