• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
14 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 266

482 рет
көрсетілді

2011 жылғы 18 наурыз                      № 266                       Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 266 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 568-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 ақпандағы №103 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 39-құжат). 3. «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 344 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 733 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 395-құжат).