2011 жылғы 1 сәуір № 343 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды малдары мен ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.