• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2011

Орамды ой, ортақ байлам

510 рет
көрсетілді

Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы аясындағы Ұлттық комиссияның аймақаралық форумы Қазақстан бастамасымен өтті БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Мәдениеттердің жақындасу жылының аяқталуына орай биылғы жылдың сәуірінде Франция астанасы Парижде Ұлттық комиссияның қорытынды аймақаралық форумы өтті. Аталмыш форум Қазақстанның бастамасы негізінде ЮНЕСКО-ның жетекшілік етуімен өткізілді. Форум жұмысына ЮНЕСКО-ға мүше елдердің өкілдері қа­тысты. Аталмыш жиынға қаты­сушылар қоғамда туындайтын барлық мәселелерді тек жұмыла және өзара ынтымақтастық жағ­дайында ғана шешу мүмкін деген ортақ байлам жасады. Олар екі күнде жыл бойы жи­нақ­талған тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақ­стан жағынан атқарылған біршама іс-шаралар жайлы айтылды. Мәдениеттер жақындасуы­ның халықаралық жылы ая­сын­дағы жобаларға 74 іс-шара (конференциялар, семинарлар, форумдар, симпозиумдар, көрме­лер, фестивальдер) енген десек, қабылданған республикалық жос­пардың ішінен Орталық Азия елдерінің ІІІ халықаралық театрлар фестивалін ерекше атап өту керек. Бұл фестивальде Қырғызстан, Өзбекстан, Түр­кі­менстан мемлекеттерінің және Қазақстанның театрлары спектакльдермен, жанрлардың әр­түр­лілігімен, актерлердің шебер ойындарымен көрерменнің кө­ңі­лінен шықты. Шетелдік ав­торлардың қойылымдарымен қа­тар, Шыңғыс хан, Томирис, Мұстафа Шоқай сынды тарихи тұлғаларға арналған қойы­лым­дар да болды. Аталған фестиваль айқын мәдени оқиға ғана бо­лып қоймай, елдердің тарихи ор­тақтығын көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолы» атты ІІІ халықаралық му­зы­ка фестивалі мен «Қорқыт және дала әуендері» атты түркі­тіл­ді халықтардың халықаралық фольклорлық-музыкалық фестивалі жылы қабылданды. Қырғызстаннан, Ресейден келген атақты ғалымдардың, Ук­раина, Палестина және ОАР ел­ші­ліктерінің өкілдерінің қаты­суы­мен өткен «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім аумағы» атты ғылыми-практикалық конференция үлкен қолдауға ие болды. Сонымен қатар, Қазақстанда өткен халықаралық деңгейдегі дәс­түрлі іс-шараларды атап өт­пеуге болмайды. Бұл орайда «Опе­ралия» халықаралық фестивалі, қуыршақ театрының халық­аралық фестивалі, «Еуразия» ха­лықаралық кинофестивалі, «Ұлы дала әуені» дәстүрлі өнерінің халықаралық фестивалін атап өтуге болады. Өткен жылы Қа­зақ­станда Сауд Арабия Король­ді­гінің, Оман Сұлтандығының, Беларусь пен Үндістанның мәде­ниет күндері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Ислам конферен­циясы ұйымының Сыртқы істер министрлер кеңесінің жуық күн­де­рі өтетін отырысына біздің еліміз мәдениеттер арасындағы диалог мәселелері, төзімділікті нығай­ту және мүше мемлекет­тердің қысым көрсетудің бар­лық түр­ле­рімен күресу бойын­ша күш­терін жалғастыру сияқ­ты сұ­рақтарды шығаруға ниетті. Мәдениеттер жақында­суы­ның халықаралық жылы шең­бе­рінде өткен іс-шаралар қоры­тын­дылары бойынша барлық қатысушылар бүгінгі әлемде мә­дениетаралық диалог нәти­же­сі әр мемлекеттің тікелей қол­дау көрсетуі мен ниетіне байланысты екендігін бірауыз­дан атап өтті. Олар сондай-ақ, диалогқа, мә­дени өзара байланысуға, бас­қа мәдени құндылықтарға тө­зім­ді қарым-қатынаста болуға ешқандай балама жоқтығын да атап көрсетті. Бұл іс-шараның маңызды жағы қатысушылар мә­дениетаралық диалогты кеңейту мен тереңдету қажеттігі туралы ұсыныстарын жеткізді. Онымен қоса, Қазақстан тара­пы­нан мәдениетаралық диалог­тың онжылдығын қатысушылар санын көбейтіп өткізу керек деген ой айтылды. Сондай-ақ, мә­дениетаралық диалогты терең негізделген іс-шаралар страте­гия­сына айналдыру мақсатымен сараптамалық, ғылыми құрылы­мын нығайту туралы ұсыныс жасалды. Осылайша, Қазақстан мәде­ни және өркениеттік диалогты сақтау мен дамытуға өз үлесін белсенді түрде жалғастыруға дайын екендігін білдірді. Ғазиз ТЕЛЕБАЕВ, Мәдениет вице-министрі.