• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2011

Бізден де бар бір тілек

681 рет
көрсетілді

Талайлаған тарғалаң тағдыр­лар­ды басынан кешіріп, жер-жаһанға тарыдай шашыраған қан­дастарымыздың Елбасы сая­са­тының арқасында елге ора­лып, тәуелсіздіктің алтын дің­ге­гін бірге қаласқан жиырма жыл­дық тарихымыздағы алар орны ерекше. Дегенмен шетелден келген қандастарымыздың бү­гін­гі әлеу­мет­тік мәселелері ту­ра­лы айта-айта ауыз ауырып, жаза-жаза қол та­латын жағдайға жеттік. Жасы­ратыны жоқ, еліміз тәуелсіздік алғалы Елбасы сая­сатының басым бағыттарының бірі болуына қара­мастан Атамекенге ағылған қазақ көші бү­гін­де тоқырау кезеңіне өтті. Әсіре­се қазақтар ең көп қоныстанған Қытайдан келетін қандастары­мыз жөнінен алып айтқанда аны­ғы осы. Қазақстан әлемдегі өз қан­дастарын отанына оралтып жат­қан үш мемлекеттің бірі деп жи­ырма жыл бойы жар салға­ны­мызбен, сол аталған елдердің соң­ғысы, яғни санаулы қанда­сын қатарына қоса алмаған сор­лысы біз болып отырмыз. Оған алыс-жақын шетелдердегі жұ­ты­лып бара жатқан бауыр­лас­тарымызды айт­пағанда, екі миллиард қы­тай­дың «қамқорында» қалған екі мил­лионнан астам қазақтың тағ­дыры куә. Шет елден келген қа­зақтарға Қазақстан азаматтығын бермей Үкіметіміздің «басы ауы­рып» жат­қанда, «көтеремге көлденең» дегендей, Қытай жағы Қазақстан азаматтығын алған аз қазақты құ­жат мәселесімен ауырлатып жіберді. Олай дейтініміз, еліміз тәуел­сіздік алға­лы атамекенге кел­ген қандас­тары­мыздың қай­сы­сы бол­масын ағай­ын-туысы, жора-жол­дасы, құ­да-жегжаты, ба­ла-шаға­сының бірі қалған Қы­тай жеріне қай уақытта бол­масын барып-келіп тұруға мұқ­­таж, ашығын айтқанда, ата-бабасының басына Құран оқыту үшін болса да. Бүгінде тағдырын Қазақстан тәуелсіздігімен тамырлас сезінетін жүз мыңдаған қандас­та­ры­мыз Қазақстан азаматтығын алып, Алаш туы астында аянбай еңбек етіп, ұлттық санағы­мызда да, Елбасы сайлауында да өз үлес­терін қосуда. Бұ­рын­дар олар­дың Қытай еліне ба­рып-келуі еш қиындық тудыр­май­тын, заң шең­беріндегі, екі ел шекара сая­са­тына сай қала­ға­­нын­ша үш ай­лық, алты ай­лық, бір жылдық көп мәртелі ви­замен кіріп-шы­ға­тын. Сол арқылы туыс-туғанын көшіріп, сау­да-саттығын істеп тұ­ратын. Ал бү­гін ше? Бұл жағ­дай тү­бе­гейлі өз­герген, жоғарыда айтып өт­ке­німіздей жүз мың­да­ған Қы­­тайдан келген қандас­та­ры­мыз­дың ол елге бару үшін тек үш ай бір мәрте виза аштыруға ғана мүмкіндігі бар. Соның өзін­де бұрынғы Қы­тай паспортының көшірмесі бо­луы міндетті екен. Бұл жө­нінде Қа­зақстандағы Қы­тай консул­ды­ғынан сұраға­ны­мыз­да, «бізде бел­гіленген заң солай» деуден өзге мардымды жауап бермейді. Ал бұл «заң» еліміз­дің тұр­ғы­лықты азамат­тары­на жүрмейді, оларға бәрі бұрын­ғы­сынша. Сонда қалай? Бір ел аза­матына екі түрлі саясат ұста­на­тын Қытай елінің көздегені не? Болмаса «көк тудың астына жетсек, көсегеміз көгереді-ау», деп санайтын сан мыңдаған қа­зақтың Қазақстан аза­маты бола тұра тағдырын Қытай шешетін болғандығы ма?! Бір қызығы, бұл жәйдің белең алғанына жылдан асса да қандастар құқын қорғаған бірде-бір құзырлы орган жоқ, «өлме­генге – өлі балық» үмітімен екі арада сандалып жүрген ел. «Бұл паспорттың иесі Қазақстан за­ңы­мен қорғалады» деген жазуы бар көк паспортымыздың жоқ­тау­шысы кім сонда? Әрине, бұл жөнінде ой қоз­ғағанда сан сұрақтың жауапсыз қалары анық. Қытай азамат­тары­ның да екі ел арасында кі­ріп-шығу виза мәселесі күрделеніп тұр. Келе алмай жатқан он мың қазақ болса, бара алмай жат­қаны одан көп, мұның ішінде қытай және басқа ұлттар болуы заңды да. Кезінде шекарадағы сұрам­шақ, сауатсыз солдат­тар­дың кесірінен арғы жақтың да «мінез көрсете» бастағанын жақ­сы білеміз, бұл жолы да соны қайталаған тәрізді. Ел Үкіметінен оң шешім болса екен деуіміз де содан... Талапбек ТЫНЫСБЕК, «Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.