• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2011

Зияткерлік меншік алтын қорынан бағалы

342 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Заң­на­ма және сот-құқықтық реформа комитетінің ұйымдас­тыруы­мен «Қазақстан Респуб­ли­касы­ның кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәсе­ле­ле­рі бойынша  өзгеріс пен то­лық­тырулар енгізу ту­ралы» заң жоба­сына қатысты  дөңгелек үстел өтті, деп хабар­ла­ды осы пала­таның баспасөз қызметі. Шараны Мәжіліс депутаты, Заң­нама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Зағипа Балиева ашып жүргізіп отырды. Ол өзінің кіріспе сөзінде ХХІ ғасыр­дың зияткерлік меншік ғасыры деп аталып жүргені бәрімізге мәлім. Оған біздің көзқарасымыз ашық та дәлелді. Шынымен ғылыми-тех­никалық прогресс дәуірі басталып, зияткерлік меншіктің рөлін ба­ға­ламау мүмкін болмай қалды. Осы мәселенің маңызы сонда, ол тек жеке мемлекеттік шеңберде ғана емес, Дүниежүзілік зияткерлік мен­шік ұйымы деген айдармен әлем­дік деңгейде талқыланып жатыр, деді. Келесі кезекте З.Балиева қарас­тырылып отырған мәселенің өзек­тілігіне тоқталды. Менің бай­қау­ым­ша пираттық өнімдер Қазақстан рыногында ғана орын алып отыр­ған жоқ, еліміз БСҰ-ға мүшелікке өткелі даярлық жасап жатқанда зияткерлік меншіктің бағасын халық ұғына бастады деп ойлаймын. Осыған орай Халықаралық бизнес және менеджмент академиясының профессоры Владимир Романов­тың баяндауынша, зияткерлік меншік қорын алтын қорынан артық кө­ріп, «біз гауһарға тең байлық­та­рымызды аяққа басып жүрміз. Ең пай­далы ісімізді құқық бұзушы­лар­дың қолына беріп қойдық», деп шырылдағанын атап өткім келеді, деді. Шынында да зияткерлік мен­шіктің құқын қорғауды қамтамасыз ету үшін бар күш-қайратымыз жұмсалуы тиіс. Зияткерлік меншікті қорғау деңгейі бәрінен бұрын тиімді нормативтік құқықтық базаға байланысты екені белгілі. Заңды жасап қана қоймау керек, ол іс жүзінде орындалғаны қажет. Сол үшін осы дөңгелек үстел басына жиналып, Әділет министрлігі әзірлеген заң жобасын талқылау басты мақсат болды.