• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2011

Кітап жарық көреді-ау...

306 рет
көрсетілді

Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің ұйытқы болуымен Ұлттық академиялық кітапханада еліміздің жетекші кітапхана басшыларымен кездесу өтті. Кездесуде  «Әдебиеттің әлеу­мет­тік маңызды түрлерін басып шы­ғару» республикалық бюджеттік бағ­дар­ламасы, оның ішінде «Мә­де­ни мұ­ра» бағдарламасы ая­сында шы­ға­рылатын кітаптарды тарату мен пай­далану мәселе­лері сөз болды. Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Ербол Шай­­мерден қатысушыларға «Әде­б­иет­тің әлеуметтік маңызды түр­лерін басып шығару» бағдарлама­сының жү­зеге асырылуы  туралы, сондай-ақ жыл сайын  осы бағ­дар­лама ая­сын­­да орта есеппен  400-ге жуық  ата­­лым­мен, жалпы таралы­мы 1 мил­лион дана кітап шы­ға­ры­ла­тынын сөз етті.  «Білімдік, мәдени маңызы зор бұл бағдарлама еліміздегі  кітапхана қорының толығуына, кітаптардың  те­гін таратылуы арқылы  қалың оқыр­­манның әдебиеттерге  қолже­тім­ділігін қамтамасыз етуге жол ашады», деп атап өтті ол. Сондай-ақ, Е.Шаймерден «Мәдени мұра» бағ­дарламасы жүзеге асырылғаннан бері  шамамен 500 аталым бойынша тарих, археология, этнография, Қа­зақ­стан мәдениеті, анықтамалық-энциклопедиялық, көркем аударма, музыкалық әдебиет, фотоальбом сын­ды кітаптардың 1,5 млн. данамен  жарық көргендігін айтып өтті. Еліміздің жетекші кітапхана бас­шылары  кітап шығару мен та­ра­ту­дың өзекті мәселелерін сөз ет­кен кездесу соңында  Байл­а­ныс және ақ­па­рат министрлігінің Ақпарат жә­не мұ­ра­ғат комитеті мен еліміздің жетекші  кітапха­на­лары арасында өз­ара әріп­тес­тік меморандумына қол қойылды. «Егемен-ақпарат».