Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Б.Бекназаров Президентке сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде қабылданған шаралар, Жоғарғы Соттың барлық деңгейдегі соттарда ашықтықты, қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы баяндады.
Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздің сот корпусында тәртіпті нығайту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.