• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2011

Өзара байланыстарға өріс кең

469 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Қытайдың жетекші саяси партиялары ара­сын­дағы Ынтымақтастық ту­ралы хаттамаға қол қою, партия­лық кадрларды оқыту, жастармен жұмысты жетілдіру бойынша тә­жірибе алмасу – «Нұр Отан» партиясы делегациясының Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарының кейбір нә­тижелері осындай. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин бастаған «Нұр Отан» деле­га­циясы жұмыс сапарының бағ­дар­ламасы мазмұнды болды. Сапар барысында нұротандықтар Қытай Коммунистік партиясы басшы­лы­ғымен кездесулер өткізіп, ККП Жоғары партия мектебі мен пар­тия­ның аймақтық филиал­дары­ның жұмысымен танысты. Қазақстан мен Қытайды бұ­рын­ғы уақыттан бері серіктестік және достық қатынастар байла­ныс­тырып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Төрағасы Ху Цзиньтао арасындағы жүйелі кездесулер берік экономикалық іргетаспен қа­лан­ған екіжақты қатынастардың одан әрі нығаюына мүмкіндік ту­ғызып отыр. Қазақстан мен Қы­тай арасындағы жан-жақты әріп­тестікті кеңейтуге партияаралық байланыстар да зор үлес қосуда. Сондай-ақ қос мемлекеттің жетекші саяси партияларының өзара әрекеттесу тәжірибесі бай: бірлескен жобалар жүзеге асыры­лып, делегациялар алмасулар жү­руде, халықаралық конференциялар мен «дөңгелек үстелдер» ұйым­дастырылып келеді. Нұрлан Нығматулин Қытайға жұмыс сапары барысында ККП басшылығымен кездесті, ККП Жоғары партия мектебін аралады. Бұл мектеп партиялық кадрларды даярлайтын әлемдегі мықты мек­тептердің бірі болып табылады. Мектептің бай тәжірибесі, сал­мақты материалдық-техника­лық базасы, жоғары кәсіпті про­фес­сорлық-оқытушылық құрамы білікті кадрларды даярлауға мүм­кіндік береді. «Нұр Отан» па­р­тиясы өз кадрларын оқыту мәсе­лесіне баса назар аударады, сондықтан Қытай Жоғары партия мектебіндегі кездесулер нәтиже­сінде «Нұр Отанның» Жоғар­ы партия мектебімен бірлескен жұ­мысы туралы келісімдер жасалды. Қытайға сапары кезінде Нұр­лан Нығматулин ҚХР-дың Телерадиохабар басты басқармасының жетекшісі Тянь Цзинмен Қытай КП Шанхай қалалық комитетінің хатшысы Юй Чженшенмен Қы­тай халықтық саяси консультативтік кеңесінің жалпықытайлық ко­ми­тетінің төрағасы Цзя Цинлинмен, Қытай КП ОК-ның хатшысы, саяси бюро мүшесі Лю Юньшанмен кездесті. – Бұндай кездесулерді өткізу екі жаққа да пайдалы болатыны сөзсіз деп ойлаймын. Олар Қа­зақстан-Қытай ынтымақтастығын және біздің достық көршілес қарым-қатынастарымызды нығай­та­ды. Өткен жылы мен Астанаға барып қайттым және де Қазақ­станның даму қарқынын өз көзім­мен көрдім. Қазақстанмен қаты­нас­тарын Қытай әрдайым өзара келісім мен серіктестік негізінде құрып келеді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасын табады, – деді өз сөзінде Лю Юньшан. ҚХР-ға жұмыс сапарының қорытындыларына орай, партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: – Осы күндердегі Қытай Ха­лық Республикасындағы көптеген кездесулер біздің Президентіміз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың ха­лық­аралық беделі, әлемдік саясатта алатын орны аса жоғары екенін тағы да көрсетті. Елбасының бас­қаруымен мемлекетімізде іске асы­рылып жатқан барлық реформалар туралы Қытайда өте жақсы білетініне және оларды аса жоға­ры бағалайтынына куә болдық. Бұл «Нұр Отан» партиясы мен Қы­тай билеуші партиясы ара­сында партияаралық қатынас­тар­ды нығайтуға да үлкен мүмкін­дік­тер берді. Біздің әріптестігіміз тә­жірибе алмасу, кадрларды да­йын­дау, жастар саясатын жүргізу, тағы да басқа бағыттар бойынша жүргізілетін болады деген келісімге келдік, – деп атап өтті.