• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2011

Келелі келісім

617 рет
көрсетілді

«KazSat-2» спутнигінің жұмы­сына қажетті жиілік ресурсын  пайдалану туралы келісімге Байланыс са­ла­сындағы аймақтық достастық әкім­шілігі басшыларының кеңесі оты­рысы шеңберінде ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұ­мағалиев пен РФ Бай­ланыс және бұқаралық коммуникация министрі Игорь Щеголевтің қатысуымен қол қойылды. Келісімде «KazSat-2» қазақ­стан­дық спутнигінің жұмысына қажетті 86,50 орбиталық позиция­дағы жиілік ресурсын Қазақстан тарабына уақытша пайдалануға беру туралы көрсетілген. Қазіргі уақытта Халық­аралық электр­бай­ланыс одағында аталған орби­талық позицияға ресейлік «KUPON-4M» спутниктік же­лісі үшін сұраныс білдірілген. Келісім нәтижесінде Ресейдің ше­шімі бойын­ша «KUPON-4M» спут­никтік же­лісінің жиілік ресур­сы­н­ың негізінде Қа­зақ­стан­ның «Kaz­Sat-2» спутнигінің 86,50 орбиталық пози­ция­дағы шығыс бойлығында уа­қытша жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Екі жақ аталған жиілік ре­сурсын халықаралық-құқықтық қор­ғау мә­се­лелерінде бір-біріне кө­мек көр­сету туралы өзара келісті. «Егемен-ақпарат».