• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2011

Халықаралық құжаттар бекітілді

359 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенаты Төр­ағасының орынбасары Мұ­хамбет Көпеевтің төрағалық етуімен жоғарғы палатаның кезекті жалпы отырысы болды, деп хабарлады Парламент Се­натының баспасөз қызметі. Жал­пы отырыста бірқатар ха­лық­аралық келісімдер ратифи­ка­цияланды. Олардың ішінде «Тарифтік сая­сат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы», «Беларусь Республикасындағы, Қа­зақстан Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы тех­ни­калық реттеудің бірыңғай қағи­дат­тары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау тура­лы» заң жобалары бар. Екінші заң жобасы бойынша қойылған депу­таттардың көптеген сауалдарына Индустрия және жаңа техноло­гия­лар министрінің орынбасары А.Рау жауап берді. Ал «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қо­нына қарсы іс-қимыл жөніндегі ын­тымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Кө­шіп-қонушы еңбекшілер мен олар­дың отбасы мүшелерінің құ­қықтық мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Г.Әбдіқалықова мен Ішкі істер министрінің орын­басары А.Ку­линич баяндады. Бұл жоба­ларға негіз болған құ­жат­тарға Кеден одағына қаты­сушы мемлекеттер үкіметтерінің бас­шылары Санкт-Петербургте 2010 жылы қарашада қол қойған болатын. Жалпы отырыста қолданыс­тағы заңнамаға электронды ақша мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген өз­ге­рістер Парламент Мәжілісіне жіберілді.