• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2011

Жаңа пойыз жол тартты

456 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Астана мен Атырау қалала­рын байланыстыратын жаңа бағыт ашты. Биылғы жылдың 31 мамырынан бастап аталған бағыт бойынша №47/48 «Каспий» жаңа жолаушылар пойызы жол тартты. Компания халықтың темір жол кө­лігіндегі жолаушылар тасымалына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында Тверь вагон жасау зауыты шығарған 22 вагонды сатып алған. Жылжымалы құрам паркі заман талабына сай 12 купелік, 8 плацкарт, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған арнайы орындармен қамтылған 2 купелік штаб вагонымен толықтырылған. Жаңа вагондар техникалық және пайдалану жағынан өзінің түпнұсқасынан ар­тық. Жылжымалы құрамды шығару ба­рысында жолаушылардың пойыздағы сапары сапалы әрі жайлы болуы үшін инновациялық технология, заманауи материалдар мен құралдар пайдаланылған, дейді мамандар. Сондай-ақ, вагондар ба­қылау жүйесі, көлік құралын басқару және диагностика жасау, GPRS құрыл­ғысы мен спутниктік байланыс сынды өзге де бірқатар қажеттіліктермен жаб­дықталған. Тағы бір ерекшелік вагон құрылымы деуге болады. Жаңа нұсқасында салон­ның ішкі бөліктері өзгертілген. Дәретха­налар қолданылмайтын тамбур жақта орналасса, қасында жолсеріктің купесі мен қажетті заттарды сақтайтын орын бар. Ішкі және сыртқы есіктер автоматты түрде ашылса, вагон төменгі платформалардан түсіп көтерілу үшін басқышпен қамтылған. Вагондардың қызметке жа­рамды уақыты 40 жыл, ал конструк­ция­лық жылдамдығы сағатына 160 ша­қырымды құрайды. Пойыздың тағы бір ерекшелігі, штаб вагонында мүмкіндігі шектеулі жандар мен оларды алып жүретін адамдарға арналған арнайы купе бар. Жыл­жымалы құрам жарымжан жандар­дың арбасын көтеріп-түсі­ретін құ­рылғылармен қамтылса, оларға арналған купеде арбасын қоятын орын мен қозғалуға арналған ұстай­тын тұтқа және ақпарат таблосы орын тепкен. «Купедегі жатын орындар дауысты электрон­ды реттеп отыратын жеке аудиопанельдермен реттелсе, плацкарт вагондар да заманауи талапқа толық жауап береді. Олар ауаны желдететін жүйемен, био­дәретханалармен және жұм­сақ жатын орындармен жабдықталған. Жоғары орындарда жолаушыны төсектен құлап кетуден сақтайтын жиналатын қорғауыш орнатылған», дейді таныс­тырушылар. Жолаушыларға барлық жағдайды жасауды өздеріне басты мақсат тұтқан компания ұжымының бұл еңбектері бағалауға тұрарлық. Осындай ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар ұзағы­нан болғай. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.