«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің қызметі тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Бүкілодақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институтының қазақ филиалынан басталады (БАӨӨҒЗИ-ның Қазақ филиалы).
1959 жылы Қазақстанның солтүстік облыстарында астық шаруашылықтарының құрылуы мен дамуы, жиналған дәнді дақылдарды уақытылы және нәтижелі өңдеу мен сақтауды қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттілігінің өткір туындауына байланысты Целиноград қаласында БАӨӨҒЗИ-ның Қазақ филиалы құрылды.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, 1992 жылы БАӨӨҒЗИ-дің қазақ филиалы «Қазақ астық және оның өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК «ҚазАӨҚӨҒЗИ») болып өзгертілді.
Республиканың көрнекті ғалымдары атап өткендей, астықты жинаудан кейінгі өңдеу мен сақтауда, әлем ғылымы мен отандық тәжірибелер айтарлықтай табыстарға жеткендігіне қарамастан, өндірістік қарым-қатынастың нарық экономикасына ұзақ өту жолындағы қиындықтарына байланысты, үлкен реформа кезіндегі міндеттері жаңадан өзекті мәселеге айналды. Нарық экономикасына ауысу кезінде, астық өндіруші шаруашылықтардың, яғни бұрынғы совхоздардың астықты сақтау мүмкіншіліктері қиындай түсті, олар қысқа мерзімде барлық тауарлық астықты мемлекетке өткізу функциясын орындады, лайықты техникалы базалық жағдайлары болмады, сондықтан астықты жинағаннан кейін, оны өңдеп, сақтауды қамтамасыз ете алмады. Сонымен қатар, астық қабылдау кәсіпорындары мемлекет иелігінен алынды және жекешелендірілді. Тағы бір мәселе, жыл сайынғы «ҚазАӨҚӨҒЗИ» РМҚК өткізген мониторингтік зерттеулер кезінде бидайдың тауарлық партияларын құрастырудағы талаптар сақталмағаны анықталды, сондықтан араласу байқалып, астық партияларының сапасы мен тағамдық қасиеттерінде кенеттен ортақтандыру айырмашылықтары байқалды.
Жас мемлекеттің бастапқы қалыптасу кезеңінде, материалдық қиындықтарға қарамастан «ҚазАӨҚӨҒЗИ» РМҚК 16 жыл аралығында астықты жинағаннан кейін өңдеу, сақтау, сапасын жоғалтпау, қауіпсіздендіру бойынша біраз жұмыстар атқарды. Институттың ең басты бағыты астықтың сапасын бағалауға керекті құралдар мен әдістерін жасау және жетілдіру болды. Осыған байланысты бидай желімтігін механикаландырылған әдіспен жуу аспабы (МОК) жасалып, қолданысқа берілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның бірқатар кәсіпорындарының қолданысындағы «NIR-System» инфрақызыл-анализаторында астықтың, ұнның, құрамажемнің іріктеу әдіс-тәсіл теңестірулері мен методикасы жасалды, бидайдың түрлерін жедел анықтауға керекті жарық эталоны құрылды. Микроағзалар көрсеткіштері бойынша астықтың қауіпсіздігін анықтау үшін мониторингтік зерттеулер өткізілді. Шаруа шаруашылықтары үшін шағын технологиялық өндіргішті құрал – конусты сепаратор, дәнді дақылдарды гидротермикалық өңдеу аппараты, бидайды тұтастай ұнтақталған ұнға өңдеу үшін орталықтан сыртқа тебуші күші бар ұсақтаушы-елеуіш машина, көп құрамды ұсататын үш роторлы диірмен жасалды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты елді шикізат бағытынан шегініп өңдеу өндірісін дамытуға, жоғарғы сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге, экономикадағы ауылшаруашылық құрамын көбейтуге бағытталып отыр. Осыған байланысты, аграрлы-индустриялы әртараптандыру арқылы, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуді арттыра отырып, аграрлық секторды жедел индустрияландыру үшін елдің агроөнеркәсіп кешенінде ғылыми-инновациялық жүйе құрылды.
2008 жылы өңдеу саласын ғылыммен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында «ҚазАгроИнновация» АҚ жүйесінде астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институтының негізінде «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС («ҚазАШӨҚӨҒЗИ» ЖШС) құрылды. «ҚазАШӨҚӨҒЗИ» ЖШС ғылыми-зерттеу жұмыстарын басымдықты, мемлекет саясатымен анықталатын «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасына сай жүргізеді. Бүгінде республиканың тағам және өңдеу өнеркәсіптерінің алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу мақсатында зерттеу бағыты кеңейтілді. Төрт лаборатория құрылып, қызмет атқаруда.
Еліміздің алдында тұрған өңдеу мәселесін шешу үшін ауылшаруашылық шикізаттарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Ауылшаруашылық өсімдіктерінен жоғары және тұрақты өнім алынуына 8,5 мыңнан астам ауру қоздырғыштар түрлері, 10,0 мың жәндіктер мен кенелердің түрлері, 2,0 мың арам шөптер, 1,5 мың нематодтар қатер туғызады. Зиянды микроағзалар әсерінен өнімнің 40 пайызы кем жиналады. Өндірісті экологияландыру бағыты, өсімдіктерді қорғаудағы химиялық пестицидтерге балама биологиялық тәсіл ізденісі құрамында, әртүрлі микроорганизмдер топтарының 160 штаммдары бар коллекция негізінде іске асырылады.
Қазіргі кезде, әлемде, астық шикізатын терең өңдеу арқылы крахмал және крахмал өнімдерін өндіру жоғары қарқынмен дамуда. Қазақстанда шикізат ресурстары болғанымен, астықты тереңдете қайта өңдеу нашар дамыған. Мысалы, ЕО елдерінде 9,8 млн.тонна крахмал өнімдерін өндіреді, Ресейде – 0,8 млн.тонна, Қазақстанда соңғы үш жылда орташа есеппен 2,7 мың тонна өндірілді. Қосымша құны бар өнімдерді жасау үшін ұн тарту және жарма өнеркәсіптерінің туынды шикізат ресурстарының мүмкіндіктері толық қолданылмайды.
Осыған байланысты зерттеулердің мақсаты – әр түрлі астық шикізаттарынан, жоғары қосылған құны бар өнімдер алу технологиясын жетілдіру үшін, ғылыми дәленденген ұсыныстар жасау. Крахмалдан сүт қышқылын, сүт қышқылынан этиллактат, крахмалдан карбоксиметилкрахмалын, карбоксилметилцеллюлозалар, күріш жармасы крахмалынан крахмал сірнесін, күріш жармасы крахмалынан глюкоза-фруктоза шәрбаттарын алу зерттеулері
Дариғаш ШАЙМЕРДЕНОВА, «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры.