Журналист-жазушы Қайсар Әлімнің осылай аталатын кітабы жуырда «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Кітапта еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани саладағы жаппай өрлеудің маңызды белестері әр қырынан бедерлі бейнеленген. Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұлықтау, оны нығайтып, мәңгілік тұрлаулы етудің тиімді жолдары адам ойымен, іс-қимылымен астастырыла өрілген. Адам. Қоғам. Заман: гүлденуі – Тәуелсіз Қазақстанның асқаралы асуларға еркін самғауының кепілі екені көркемдікпен пайымдалып, дәйектеледі.
Алаш арыстары аңсаған тәуелсіздікті баянды етудің жарқын үлгілері, ата-баба өсиетіне адалдық, отансүйгіштік қасиет иірімдері жүрек қылын қозғап, сезім тербейді.
Мән-мазмұны тәуелсіздік толғаулары аясында әдіптелген бұл туынды оқырмандардың ықыласын туғызарына сенім мол.
«Егемен-ақпарат».