• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Маусым, 2011

Тасбақалардың да туған жері бар

296 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы Бородулиха ауданындағы «Ауыл» бақылау бекетінен 1410 тасбақаны контрабандалық жол­мен Ресейге алып өтпек болған Д. Ермеков деген біреу ұсталды. Ішкі істер департаменті қыз­меткерлерінің тексеруі кезінде бейкүнә жәндіктердің ит арқасы қиянға Жамбыл облысынан жеткізілгені анықталып, Шығыс Қа­зақ­стан облысының «Жас Отан» жастар қанатының белсенді өкіл­дері тасбақаларды туған жері – Жамбыл өңіріне жеткізуді ұйғара­ды. Өйткені жылы жақта өмір сү­руге дағдыланған жәндіктер шы­ғыстың қатал табиғаты жағда­йын­да мезгілсіз көз жұмулары мүмкін еді. Қауіп еткендей, 430 тас­бақа жайсыз ауа райына шы­дамапты, ал қалған 988 тасбақа жақында Жамбыл облысына аман-есен жеткізілді. Сөйтіп ұзақ жол­дың азабын тартқан тасбақалар Көделі жайылымы­на жіберілді. – Біз өзімізге тапсырылған мін­детті орындап, тасбақа­лар­ды жол-жөнекей жас нәрес­те­дей күттік, – деген Шығыс Қазақстан облыстық жастар және балалар ұйымдары қауым­дас­тығы заңды тұлғалар бірлес­тігінің директоры Ольга Боб­рышеа. Тасбақалар арқылы пайда тапқысы келген Д. Ермековтің ме­кен-жайы туралы әзірге нақты дерек жоқ. Шығыс Қа­зақ­стан об­лыс­тық ІІД мәліметі бойынша оның жасы кәмелетке толмапты. Бүгінде табиғат қас­көйін анықтау бойынша қосым­ша тергеу-тексеру жұмыстары жалғасуда. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.