• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2011

Елбасы қабылдады

207 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК»  АҚ басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдинді қабыл­дады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Қабылдин Президентке ком­панияның 2010 жылғы жұ­мы­сының қорытындылары туралы, 2011 жылға арналған жоспары және 2020 жылға дейінгі даму келешегі жайлы баяндап берді. – Компания өткен жылы бар­лық жоспарланған өндірістік және қаржылық көрсеткіштеріне қол жеткізді. Тәуелсіздік жылдары ішінде үш отандық зауытта мұ­най өңдеу барынша жоғары дең­гейге – 13,7 миллион тоннаға жетті. Компанияның табысы 2010 жылы 305 миллиард тең­гені құ­рады, бұл 2009 жылмен салыс­тырғанда 2,5 есе артық. Бюджетке 413 миллиард теңге салықтық төлемдер төленді. Біз ұлттық компания ретінде әлеу­меттік жауапкершілік алдық. Өткен жылы біздің тарапы­мыздан әлеуметтік жобаларды дамытуға 200 миллион АҚШ доллары бөлінді, – деп атап өтті Қ.Қабылдин.