Спорттың түр-түрі қамтылған бұл жарысқа облыстағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар осыған орай арнайы бөлінген «Шахтер» стадионының басты алаңдары мен залдарында командалық сайыстарға түсті. Ептілік пен күш, қабілеттілік пен қайраттылық сынасуда аймақ баспасөзінің қарашаңырағы – «Орталық Қазақстан» газетінің қаламгерлері көзге көрінді. Шахмат пен дойбыдан, теннис пен білек тіресуден әріптестерін алдарына салмаған Аман Жанғожин, Мағауия Сембай, Тілеуқабыл Байтұрсын командаларын жеңімпаз атандырды.
Бұл бәсекеде жүлделі орындарды иеленген әуесқой спортшылардан құралған облыстық команда журналистер арасында Шымкентте өтетін С.Бердіқұлов атындағы турнирге қатысады.
Айқын НЕСІПБАЙ.
Қарағанды.