Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанаға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен келіссөздер жүргізіп, екіжақты байланыстың әртүрлі мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында экономиканың шикізаттық емес саласындағы, агроөнеркәсіптік кешендегі және энергетикалық ресурстарды қайта өңдеу және тасымалдау салаларындағы бірлескен жобаларды іс жүзіне асыру мәселелері сөз болды. Сонымен бірге тараптар сауда, инвестициялық, көлік транзиттік, шекаралық байланыстарды дамыту үдерістерін, сонымен бірге трансшекаралық су көздерін пайдалану мақсатындағы өзара іс-қимыл шараларын тілге тиек етті.