• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2011

Жас мамандар ауылға барады

495 рет
көрсетілді

Ақтөбе мемлекеттік педагоги­ка­лық институты 2007 жылы Ел­басы Жолдауын қолдап, «Дип­лом­мен – ауылға» бастамасын кө­те­ріп, жас мамандарды ауылдық жер­лерге баруға шақырған бола­тын. Бағалы бастама бірден кең қолдау тапқан-ды. Бұл жобаға жергілікті билік те оң көзқарас танытып, ауыл мектептеріне жас мұғалімдерді тұрақтандыруға қол­дау көрсетті. Ауылда еңбек жо­лын бастауға тілек білдіргендерге тұрғын үй бөлу, көтерме ақы беру дәстүрі қалыптасты. Облыстың Қобда, Алға аудандары институт түлектерінің ауыл мектептерінде тұрақтап қалуы үшін қолдан кел­геннің бәрін жасады. Қобда ау­да­нында жас мамандарға көрсеті­ле­тін жоғарыда айтылған жеңілдік­тер­мен қатар, оларды комму­нал­дық төлемдерден босату қара­с­ты­рылды. Соның нәтижесінде көп­теген жас ұстаздар ауыл мектептерінде еңбек жолын бастады. Мұндай бастаманың қайтарым­ды­­лығына нақты мысал өткен жы­лы институт қабырғасынан ұшқан 760 түлектің 85 пайызы­ның ау­ыл­дық жерлерге жолдама алуы дер едік. Үлгілі үрдіс биыл да жал­ға­сын тапты. Институтта тү­лек­терді жұмысқа орналастыру ба­ғы­­тында біраз шаруалар тын­ды­рыл­ды. Қар­ғалы, Мәртөк, Темір ау­дан­дық білім бөлімдері маманда­рымен түлектердің кездесулері өткізілді, ауылдық квотамен білім алған тү­лектер  Білім және ғылым ми­нистр­лі­г­ін­ің және облыстық білім бас­қармасының сұраныстарымен және «Дипломмен – ауылға» жоба­сын­да қарастырылған  әлеумет­тік қолдау­лар­мен таныстырылды. Бұл осы жоғары оқу орнында тү­лектерді жұ­мысқа орналастыруға байланыс­ты атқарылған шаруа­лардың бір парасы ғана десек, артық айт­қандық емес. Биылғы бір ерекшелік – мемлекеттік жоғары оқу орындарын­да  ауылдық квотамен оқу бітіріп жат­қан­дарды мемлекеттік тапсы­рыс бойынша ауылдық жерлерге  жолдамамен жіберу үрдісінің енгізілуі дер едім. Еліміз бойынша 1647,  облысқа 404 жас маман жетіспесе, облыстағы ауыл мектептеріне ғана 327 мұғалім керек екен. Біздің жо­ғары оқу орнына  Білім және ғы­лым министрлігінің тапсырысы бо­йынша, еліміздің барлық облыс­тарына 91 түлекті жолдамамен жіберу көзделген. Олардың бәрі де ауылдық жерлерге барады. Соның 46-сы өз облысымыздың ауылдық мектептеріне жолдама алды.  Мемлекеттік тапсырыспен бөлінген түлек­тер кемінде үш жыл сол жерде еңбек етеді. Оларға барлық жағ­дай жасалады. Биыл 21 мамандық бойынша бітіргелі отырған 560 тү­лек­тің 90 пайызы ауыл мектептеріне баруды ұйғарды. Жалпы алғаш­қы жылдардағыдай емес, ауылға барып жұмыс істеудің тиімділігін түлектер де түсінді. Бұ­рын бірен-саран болса да ауыл­дан қашқақ­тайтындар кездесетін, биыл бірде-бір түлек бас тартқан жоқ. Есесіне ақылы топтағылар арасы­нан да қай жерде қаншалықты әлеуметтік қол­дау көрсетілетінін таңдағандар табылды. Яғни, жас мамандарды әлеуметтік қолдау қай­тарым бере бастады деген сөз. Біз осындай іргелі іске бастамашы болғанымызды мақта­ныш тұтамыз және осы бағыт­тағы жұмыстарды жетілдіре беруді, аудандық білім бөлім­дері­мен тығыз байланысты ны­ғайту­ды жал­ғастырамыз, – дейді  Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық инс­титутының ректоры, экономика ғылымдарының докторы Ғалым­жан Нұрышев. Институттың биылғы   түлегі Виктор Ткаченко Қарғалы ауда­нын­дағы бір серіктестікке жолдама алыпты. Жалпы, біз сөйлескен түлектердің қай-қайсы да ауылға баруға ынталы, әлеуметтік қол­дауға дән риза. Жақсы бастама қашанда жұ­ғысты. «Дипломмен – ауылға» бас­тамасы облыс орталығындағы Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университеті түлек­тері тарапынан да кең қолдауға ие болып отыр. Медициналық университетті биыл бітіріп жатқан 309 түлектің тең жартысынан ас­тамы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау,  Батыс Қазақстан және Қызылорда облыс­тарының ауылдарындағы денсау­лық сақтау мекемелерінде еңбек ету­ге бел буды. Сондай-ақ, қала­дағы  гуманитарлық, ауыл ша­руа­шы­­лығы және көлік, коммуникация және жаңа технология колледждерін бітірушілер де еңбек жол­дарын ауылдан бас­тау­ды ұйғар­ды. Мұның өзі ауылдың көркеюі мен дамуына анағұрлым серпін беретін болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.