• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2011

Ұлттық кітап палатасы және оның ақпараттық кеңістіктегі рөлі

1992 рет
көрсетілді

Еліміздің ақпарат кеңістігінің үздіксіз дамуына өз үлесін қосып келе жатқан мекеменің бірі – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы. 1937 жылы құрылды. Кітап палатасының міндеті баспа шы­ғар­маларының жинақталған библиогра­фия­сын жасау. Библиография гректің “кітап жазу” деген сөзінен шыққан. Библион – кітап, графо – жазамын дегенді білдіреді. Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Грекия­да кітапты көшіріп жазатын адам­дарды библиографтар деп атаған. Ерте заманнан библиограф мамандығы жоғары бағаланып, құрметті мамандық ретінде есеп­­телген. Себебі, кітап көшіріп жазу үл­кен сауат­ты­лықты, ұқыптылықты, соны­мен бірге сәнді жазуды талап еткен. Көне ғасыр өткеннен кейін көп уақыт библиография термині қолданыстан шығып қалды. Тек XVII ға­сырдың бірінші жар­ты­сында француз ғалымдары әде­биеттер тізімі деген сөз­дің орнына библиография сөзін пайдалана бастаған. Ұлттық мемлекеттік кітап па­ла­тасы елімізде шығарылған бар­лық баспа өнімдерін жинақтап, баспасөз мұрағатын құру арқылы, халқы­мыз­дың рухани, мәдени құн­дылық­та­рын қалыптастыру жә­не бола­шаққа жеткізу ісінде ма­ңызды шаралар жасап отыр. Қазіргі кезде баспасөз мұрағатында 5 миллион данадан астам баспа өнімдері сақтаулы. Келіп түс­кен міндетті даналар арқылы баспасөздің ғылыми библиографиясын, статисти­ка­сын жасап, баспа ісін д­а­мы­туда ұсыныстар, мемлекеттік, ғылыми-зерттеу орта­лық­тарының сұрауы бо­йын­ша, тематикалық, дә­лел­де­мелік, гонорарлық анық­та­малар дайындайды. Алайда, Қазақстан бү­гінгі таңда кітаптың да­муы мен оқылуы жағынан со­циологиялық зерттеу ны­са­нына айналмай отыр. Бұл бағытта зерттеу жұмы­сын жүргізіп жатқан ешқандай мекеме жоқ. Осы жәйтті ескере келе, барлық бас­па­сөз өнімдерін жинастырып отырған Кітап пала­тасынан “Кітап социологиясы және оқылуы” орталығын ашу қажет­ті­лік­тен туып отыр. Орталықтың негізгі міндеті – бүгінгі ұрпақ­тың тарихи зердесін оятуға, ұлттық сана-сезімін ұштауға септігін тигізу, қандай кітапқа сұраныс бар екендігін зерттеу, республика­ның қай аймағында қан­дай кітап көп оқыла­тынын анықтау. Мұн­дай зерттеулер шетел ав­торларының ғы­лыми және көркем әде­биеттерін қазақ тілі­не аударуда өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Қазақстанда баспасөзге бай­ла­нысты бірде-бір ғылыми-зерттеу инс­ти­туты жоқ екенін ескере отырып, Кітап палатасы­ның рөлін арттыру уақыт талабы. Баспасөз бен библиографияны бөліп қарауға келмейтінін ескере отырып, баспасөздің мұ­р­ағат қорын, стастистикасын, ғылыми биб­лио­гра­фия­сын, социологиясын, оқылуын, та­ралуын барлығын бір жерге тоғыстыратын уақыт жетті деп есептеймін. Ал енді баспасөз библиографиясы қа­лай жіктеліп жасалады, қандай дайындық жол­дарынан өтеді десек, Қабылдау және бақы­лау бөліміне келіп түскен міндетті даналар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін “Статистика» бөліміне түседі. Ол бө­лімде баспа­сөз өнімдерінің статисти­ка­лық мәліметтері алынып, жыл аяғында “Қа­зақстан Республи­касы баспасөзінің статис­тикасы” көрсеткіші шығарылады. Статис­ти­калық мәліметтерден өткеннен кейін баспасөз өнімдерінің міндетті даналары мемлекеттік библиография бөлімі­не түсіп, ол бөлімдерде орыс және қазақ тіліне сұ­рыпталып ғылыми библиографиясы жаса­ла­ды. Республикамызда шыққан кітаптар, кітапшалар, авторефераттар, (республи­ка­ның тапсырмасымен шетелде шыққан кітаптар да осында) ай сайын екі тілде басқа да жинақтарда “Газет мақалаларының шежіресі” – «Летопись газетных статей» деген атау­лармен жария­ла­нып, республика кітап­ха­наларына тара­ты­лады. Рецензиялар көрсет­кі­ші – бұл респуб­ликадағы баспасөзге жария­ланған рецензия­лар­дың көрсеткіші. Жылына екі рет шығары­лып тұрады. «Қазақстан Рес­публикасының мерзімді және жалғаспалы басылымдар» шежіресінен оқырман рес­публикадағы бар мерзімді басылымдардың ті­зі­мімен таныса ала­ды. Қазақстан туралы «Казахстаника» кө­р­сет­­кіші (әр тоқсан са­йын шығатын ақпа­рат­тық басылым) оқыр­ман­дарға ТМД елдері мен шет ел бас­па­сөзінде жарияланған еліміз­дің эконо­ми­ка­сына, тари­хы­на, саяси, мәдени өміріне бай­ланысты мақа­лалар мен әдеби шығар­малар жайында, Қазақстан автор­лары­ның сол елдерде жария­ланған шығармалары­ның аудармалары тура­лы мағлұмат береді. Сондай-ақ, келіп түскен барлық кітап­тардың, журнал, газет мақалаларының, Қ­а­зақстан туралы шет елдерде шыққан ма­қалалардың картотекалары анықтама-бар­лау бөлімінде жинақталып, орталықтан­ды­рыл­ған баспасөз каталогы ұйымдастыр­ы­лады. Бар­лық бөлімнен библиографиялық өң­­деу­лерден өткен соң міндетті даналар мұ­рағат қорына өтіп, мәңгілік сақталуы үшін отан­дық баспасөз мұрағатына жинас­тырылады. Баспа ісімен айналысатын барлық мекемелер Кітап палатасында тіркеліп, әр бас­паға халықаралық код белгіленеді. 2010 жыл­ғы Кітап палатасының электронды база­сында тұр­ған мәлімет бойынша, Қа­зақ­станда 282 баспа және баспа ісімен ай­налысатын мекемелер тіркелген. Оның ішін­де жар­ты­сына жуығы еліміздегі жо­ғары оқу орын­дары, ғылыми-зерт­теу мекемелері және бас­қа да кәсіпорын­дар. 2010 жылы Кітап пала­тасы 67 167 дана баспа өнімінің тегін міндетті даналарын қа­был­дап алған. Оның 4,364-і кітап, қалғаны журнал және т.б. жалғаспалы басы­лымдар­дың міндетті даналары. Кітап палата­сының статистика­лық мәліметіне жүгінсек, Қазақ­стан­дағы баспа жүйесі жақсы қарқын­мен дамып келе жатқа­нын көреміз. Кейінгі жыл­дары тек Астана мен Алматыда ғана емес, Қа­зақ­станның аймақтық қалаларынан да жақсы баспалар ашылып, сапа­лы кітаптар шы­ғарып жа­тыр. Мы­салы, Павлодардан НПФ ЭКО, ЖШС Арман-ПВ баспа­лары, Көк­ше­тау­дан «Келешек – 2030» ЖШС баспасы, Қостанайдан «Костанайский печат­ный двор», «Шапақ» бас­пасы, Таразда «Сенім» баспасы, Қа­ра­ғандыда «АРКО» ЖШС, Қызыл­ор­да­да «Тұ­мар» баспа­сы, Шымкентте «Ға­сыр-Ш», «Жебе», «Ор­дабасы», «Нұр­лы бей­не» бас­па­ларын атап ай­туға бо­лады. Барлық аймақ­тағы баспалар Кітап палатасы­мен тығыз шы­ғар­ма­шы­лық бай­ла­ныс жасап, міндетті дана­ларын үне­мі жіберіп тұрады. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жы­­­лына 65-70 мың да­на баспасөз өнім­дері­­нің мін­детті да­на­ларын қа­былдай­ды. Қа­зақстан Рес­­пуб­ли­ка­сының ғы­лы­­­ми би­б­лиография­сын, ста­тис­­­­тикасын жи­­­най­тын бірден-бір ғы­­лыми мем­лекеттік ме­ке­ме бол­ғандықтан, Кітап палата­сы Қа­зақ­­стан­нан шы­ға­тын бар баспа өнімін жинау­ға және сол рухани байлығымызды мәңгілікке сақтауға міндетті. Кітап палатасы – Қазақстан Респуб­ли­ка­сынан шығатын бар баспа өнімдерін реттейтін мемлекетаралық стандарттар мен ұлт­тық стандарттардың талаптарына сай баспасөз өнімдерін бақылап отыратын да мемлекеттік мекеме. Келіп түскен бар баспа өнімдері стан­дарттар бойынша тексеріліп, сын-ескерт­пе­лері дер кезінде хабарланып отырады. Палата Министрлер Кабинетінің 6 сәуір 1993 жылғы №270 қаулысына сәй­кес, үш ха­лықаралық орталыққа мүше бо­лып, ха­лық­аралық қарым-қатынастар жүр­гізе­ді. Олар ISBN (Internatio­nal book sustem number) орта­лығы Лондонда, ISSN (Inter­nаtional standart serial numberinq) орталығы Парижде, ISMN (International Standard Music Number) орталығы Берлинде. Үстіміздегі жылы арнаулы құжат бо­йын­ша 74 жылдығын атап өткелі отырған Кітап палатасының өткеніне көз салсақ, осын­дай игі істерін көреміз. Әрине, оны алда бас­па­сөздің тарихын, ғылыми библиография­сын жасауда қыруар жұмыстар күтіп тұр. Қоңыр МҰҚАТАЕВА, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері.