• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
29 Шілде, 2011

Көпшілікке қолайлы қолдау

432 рет
көрсетілді

Қарағандыда ауыл тұрғындарының тұрмысын түзеу қолға алынды Бұл алыс елді мекендерде тұратын жұртшы­лыққа қуанышты жаңалық болып отыр. Ол үш бағытта іске асырылу үстінде. Атап айтқанда, оқыту және қайта оқытуға, несиелік көмекке, тұрғын үймен қамтамасыз етуге негізделген. Онда көзделгендей, бірінші кезекте  жұмыссыздар мен табысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіледі. Біз білгеніміздей,  қазір келешегі жоқ деп сана­латын ауылдарды анықтау жүргізіліп жатыр. Ондай­лар­дың қатарына жері құнарсыз, коммуникациялық құрылымы әлсіз, жол қатынасы күрделі аумақтар түкпіріндегі аз түтінді қоныстар енгізілуде. Облыс бойынша әзірге анықталған 9 елді мекеннің 5-уі Ұлытау, 2-уі Шет және бір-бірден Ақтоғай мен Нұра аудандарында орналасқан. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бас­тығы Гүлбадан Сүлейменованың айтуынша, сон­дай-ақ, экономикалық күш-қабілеті төмен 63 село назарға алынған. Бұл тізімде Абай, Ақтоғай, Қар­қа­ралы, Шет аудандарындағы Южный, Тораң­ғылық, Егінді­бұлақ, Ақжал, Ақшатау, Мойы­нты кент­тері де бар. Зерттеулер көрсеткеніндей, ондағы тұрғын­дардың көбі жұмыссыз, баспанасыз. Оларды аудан орта­лық­тары мен қалаларға қоныс­тан­дырып, ең­бекке қамту аталған бағдарламаның басты мақсаты. Бұған байланысты қарастырылған іс-шаралар қандай? Солардың бірін ортаға салғанда, мәселен, қалаларға қоныс аударушы жұмыссыздарды қайта оқыту арқылы жаңа мамандықтар меңгертіледі. Сол үшін еңбекке орналастыру орталықтарына түсіріл­ген өтініштер ескеріледі. Бүгінде Қарағандыдағы Қазыбек би және Октябрь аудандарында осындай 2 бөлім жұмыс істеуде. 400-ден астам азаматтың өтініштері қабылданып, жас айырмашылықтарына, кәсіптік бейімділіктеріне қарай біразы 6 айдан 1 жылға немесе 3 айдан 6 айға дейін оқытылуда. Бітіргеннен кейін үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарла­ма­сы аясында жаңадан ашылған кәсіпорындарда жұ­мыс істеуге жіберіледі. Сонымен бірге баспаналы болу­ларына мүмкіндік жасалады. Бұл ретте пәтерді жалға беру қолданылады. Ал 15 жылдан соң оны жекешелендіруге құқық беріледі. Егер қаржылық  жағдайы жететін болса, 5 жыл ішінде пәтер  біржола сатып алынады. Айта кету керек, 2020 жылға дейінге арналған ең­бек­пен қамту бағдарламасының шарапаты мемлекеттік қол­дауға тілеуқор басқа да жандарға тиеді. Соның нә­ти­же­сінде жұмыссыздық пен кедейшілік деңгейін 6 пайызға төмендету, әлеуметтік ахуалы әлжуаз топта­ғы­л­арды тұр­ғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу көзделген. Еліміз өз азаматтарына жақсылық жасаудан аянбай отыр. Осынау игілікті шаралар соның тағы бір жарқын көрінісі. Көңілдеріне қонған, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қолайлы қолдау талайын алға тартарына қарағандылықтар үміттері үлкен. Айқын  НЕСІПБАЙ, Қарағанды.