Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы уақыттар ішінде елімізде азаматтардың әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын жақсарту басты басымдық болып келеді.
Мемлекет басшысы таяуда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына оның құрамына кіретін бірқатар компанияларда Халықтық ІРО жүргізу міндетін қойды. Халықтық ІРО қазақстандықтарды ел экономикасын дамытуға қатысуға тарту, оларға отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу есебінен өз әл-ауқатын арттыру мүмкіндігін беру үшін жүргізіледі. Халықтық ІРО-ны іске асыруға дайындық үдерісі қоғамның үлкен қызығушылығын тудырды.
«Самұрық-Қазына» қорының алдына қойып отырған негізгі мақсаты – Халықтық ІРО-ны дайындау мен өткізу үдерісін барынша ашық және түсінікті, ал орналастыруға ұсынылатын акциялардың халықтың қалың тобы үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету.
Осыған орай оқырмандар назарларына ІРО мәселесіне қатысты қысқаша анықтамалық ақпарат ұсынылып отыр.
IPO деген не?
IPO (ай-пи-о) аббревиатурасы ағылшынның Initial Public Offering – қандай да бір компанияның акцияларды сату үшін бастапқы жария ұсынуды білдіретін сөз тіркесінен туған. Бұл ретте «бастапқы» сөзі компанияның өз акцияларын биржаға алғаш рет шығаруын және оларды халықтың қалың тобына шектеусіз ұсынуын білдіреді.
IPO не үшін өткізіледі?
ІРО өткізу мақсаттары әрбір нақты жағдайға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте ІРО мақсаты компанияға капитал тарту болып табылады, өйткені акцияларды жария орналастыру компанияға инвесторларды көптеп тартуға мүмкіндік береді. Келесі мақсат компанияның құнын бағалау болуы мүмкін, өйткені оның акцияларының капитал рыногындағы бағасы құнның ең объективті және нақты бағасын көрсетеді.
Халықтық ІРО мемлекет халықты мемлекеттік компанияларды басқаруға тартқысы келген жағдайда өткізіледі. Мұндай бағдарламаларды Ұлыбритания (1980 жылдар), Бразилия мен Польша (1990 жылдар) іске асырды. Бұл ретте, әдетте, акцияларға қолжетімділік бірінші кезекте институттық және шетелдік инвесторларға емес, елдің азаматтарына беріледі.
Акциялар не үшін сатып алынады?
Тұтастай алғанда, экономикалық жағынан дамыған елдерде ірі компаниялардың басым көпшілігі ІРО рәсімінен өтті және жеке тұлғалар да, сондай-ақ институттық инвесторлар да (зейнетақы қорлары және т.б.) сияқты акционерлердің кең ауқымына тиесілі. Осындай экономикалық үлгі іс жүзінде меншікке қоғамдық иелікті білдіреді және барынша тиімді әрі әділ болып табылады, өйткені тұтастай қоғамның да, оның жеке азаматтарының да мүдделеріне сәйкес келеді.
Өз қаражатын компаниялардың бағалы қағаздарына сала отырып, инвесторлар экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, олардың дамуына жәрдемдеседі. Бұл ретте акционерлер компанияны басқаруға қатысады және акциялардың құны өскен жағдайда оларды иеленуден пайда табады, сондай-ақ пайдаға қатысады (дивидендтер түрінде).
Тіркелген пайыздық ставкаларды ұсынатын банк депозиттерімен салыстырғанда, акциялар бағаларының өзгеруі сыйақылармен де, тәуекелдермен де үйлесуі мүмкін және шығынсыздық кепілдемелері болмайды.
Акцияларды сатып алу жылдам пайдаға немесе жалпы пайдаға кепілдік бермейді. Кез келген қаржы рыногы, оның ішінде қор рыногы құбылмалы (бағалардың құбылуы) жағдайда болады. Бұл қандай да бір компанияның акцияларын сатып ала отырып, инвестордың барлық тәуекелдерді де сатып алатындығын білдіреді, өйткені акциялардың құны көтерілуі де, сондай-ақ көптеген жағдайларға байланысты төмендеуі де мүмкін. Олардың қатарында компанияны тиімсіз басқару, елдегі ахуалдың өзгеруі болуы мүмкін, мұнда эмитент қызметті, дүлей апаттарды, эмитент-компания жүргізетін тауарларға арналған бағалардың құлауы және т.с.с. жүзеге асырады – яғни кез келген алдын-ала қиын болжанатын, алайда рынокқа белгіл бір әсері бар құбылыстар.
Сонымен бір мезгілде, компанияның табысты дамытқан, инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асырған кезде қолайлы рыноктық жағдайда акцияларды игеруден түскен кіріс депозиттік банктік салымға қарағанда тым жоғары болуы мүмкін.
IPO қалай болады?
IPO-ны тиімді жүргізудің маңызды шарттарының бірі компаниялардың акцияларына өз қаражатын салуды шешетін инвесторлардың мүдделерін есепке алу болып табылады. Осыған орай, ІРО-ны дайындау және өткізу үдерісі өте жауапты және едәуір көп еңбек қажет болады, тәуелсіз консультанттарды тартуды талап етеді. Әдетте ол 6 айдан бір жылға дейін атқарылады.
Бірінші кезекте, капиталдың жария рыногына шыққан компания (мұндай компания «эмитент» деп аталады) тәуелсіз консультанттардың көмегімен өзінің қаржылық-шаруашылық жағдайын, ұйымдық құрылымын және активтер құрылымын, ақпараттық (оның ішінде, қаржылық) ашықтықты, корпоративтік басқару тәжірибесін және қызметтің басқа да қырларын талдайды.
Осы талдау нәтижелері бойынша компания оған ІРО-ны табысты жүзеге асыруға кедергі келтіретін анықталған олқылықтар мен кемшіліктерді жоюға ұмтылады. Осы іс-қимыл әдетте капиталдың жария рынокқа шығуы туралы шешім түпкілікті қабылданғанға дейін жалғасады.
Әдетте, акциялардың бастапқы орналастырылуы мыналарды тарта отырып жүргізіледі:
андеррайтерлер және орналастыруды ұйымдастырушылар ретінде инвестициялық банктер немесе инвестициялық компаниялар;
ұйымдастырушылар және/немесе эмитенттердің консультанттары ретінде заң компаниялары;
аудиторлық компаниялар;
жұртшылықпен және инвесторлармен байланыс жөніндегі консультанттар рөліндегі коммуникациялық агенттіктер.
ІРО келешегінің жойылған кемшіліктерін ескере отырып, егер алдын-ала тексерулер қорытындылары бойынша эмитент оң бағаланатын болса, онда ІРО үдерісі жаңа кезеңге – дайындық кезеңіне өтеді, ол уақытта:
IPO қатысушыларының командасы іріктеледі, сауда алаңы, әріптестер (консультанттар, делдалдар, андеррайтерлер) таңдап алынады, олармен ІРО іс-қимыл жоспары түпкілікті келісіледі.
Эмитент органдармен формалды шешімдер қабылданады, формалды рәсімдер сақталады және ресми құжаттар құрастырылады.
Инвестициялық меморандум жасалады – ІРО шеңберінде (мысалы, акция үшін баға, акциялар саны, қаражатты пайдалану бағыты, дивиденд саясаты және т.б.) ұсынылатын акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдау үшін инвесторларға қажетті ақпаратты қамтитын құжат.
«Роудшоу» деп аталатын компания өкілдерінің әлеуетті инвесторлармен кездесулер сериясы іске қосылады, оларда компанияның тұсаукесері, оның қызметінің негізгі көрсеткіштері және акцияларды орналастыру сипаттамалары жүзеге асырылады. Тағы бір элемент, алдыңғы IPO-ны орналастыру туралы жария хабарландыру.
Жүргізілетін ІРО және эмитент-компанияның өзі туралы әлеуетті инвесторларды ақпараттандыру жөніндегі жарнамалық науқан өткізіледі.
Бұл іс-шаралар эмитент-компаниялардағы корпоративтік басқарудың ең үздік тәжірибесін қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ компанияларды одан әрі дамытудың жай-күйі және келешегі туралы мейлінше толық ақпаратты инвесторларға ұсына отырып, әлеуетті акционерлердің мүдделерін қорғау үшін жүргізеді.
Орналастыру туралы жария хабарланғаннан кейін қоса берілетін бағалы қағаздарды сатып алуға арналған өтінімдерді жинау жүзеге асырылады, (егер ол алдын-ала белгілі болмаса) жария орналастырудың бағасы, өтінімдерді қанағаттандыру және қорытындылар жасау тәсілі анықталады.
Қорытындылаушы кезеңде өткен ІРО табыстылығын түпкілікті бағалауды айқындайтын бағалы қағаздармен сауда-саттық басталады.
Осылайша, эмитент компанияның бағалы қағаздарының жасалған бастапқы көпшілікке ұсыныс нәтижесінде сатып алушы акционерлердің пайдасына өтуі бірқатар іс-қимылдар мен рәсімдердің қорытынды сатысы болып табылады, ол эмитент рынокқа ұсынылған бағалы қағаздарды барынша тиімді сату мақсатында жасалады.
Инвестор сөздігі:
Акция – дивидендтер түрінде акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін алуға, сондай-ақ акционерлік қоғамды басқаруға және ол таратылған жағдайда, қалған мүліктің бір бөлігіне қатысуға оны иеленушінің (акционердің) құқығын бекітетін бағалы қағаз. Әдетте, акция атаулы бағалы қағаз болып табылады. Қарапайым және артықшылықты болып бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа жіберу үшін акциялар листинг рәсімінен өтуі тиіс және листинг рәсімінен өтпестен сауда-саттыққа жіберілуі қажет. Сауда-саттыққа акциялардың қатысуы ең қолжетімді әрі ұзақ мерзімді капитал тартуға, компанияның құнын арттыруға, қарыз алу құнын азайтуға, өзінің беделін көтеруге, биржа арналары арқылы қосымша жарнаманы жүзеге асыруға және кейінгі шығарылымды сәтті орналастыруға эмитентке мүмкіндік береді.
Листинг - (ағылшыншадан list - список) – биржадағы сауда-саттыққа жіберілген бағалы қағаздардың тізіміне акцияларды не облигацияларды енгізу рәсімі, биржа белгілеген шарттар мен талаптарға бағалы қағаздардың сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру. Биржа тізімінің өзін көбінесе листинг деп атайды.
Инвестор – кейіннен пайда табу үшін (инвестициялар) тәуекелді капитал салатын адам немесе ұйым (оның ішінде компания, мемлекет және т.б.).
Инвестициялар – кіріс алу мақсатында экономикаға ұзақ мерзімді капитал салу. Инвестициялар қазіргі экономиканың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Инвестициялар қайтып келеді және пайдалы жобаларда ғана кіріс әкеледі. Егер жоба шығынды болса инвестициялардың күйіп кетуі мүмкін.
Эмитент – өз қызметін дамытуға және қаржыландыруға бағалы қағаздарын шығарған ұйым.
Андеррайтер – (ағылшыншадан underwriter) – бұл бағалы қағаздарды шығару және оларды бөлу үдерісіне басшылықты жүзеге асыратын заңды тұлға. Андеррайтер уәкілетті органнан тиісті түрде лицензия алған кез келген заңды тұлға болуы мүмкін, яғни ол инвестициялық компания немесе инвестициялық банк болуы мүмкін. Бұл заңды тұлға инвесторларға эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымын сатып алуға ұсынады. Бағалы қағаздар рыногындағы андеррайтингті андеррайтерлер тобы, яғни алдын-ала келісімде белгіленген баға бойынша бағалы қағаздардың жаңа шығарылымын сатуды қамтамасыз ету үшін аз уақытқа құрылған инвестициялық банктер және/немесе инвестициялық компаниялар тобы жүзеге асыруы мүмкін. Андеррайтерлер синдикатын жетекші андеррайтер басқарады. Жетекші андеррайтер бағалы қағаздарды орналастыру бойынша синдикат ұйымдастырады, эмитентпен байланыс ұстайды және орналастырылған қағаздарға есеп жүргізеді.
Брокер – бағалы қағаздар рыногындағы сауда өкілі, заңды тұлға, клиенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздармен операциядар жасауға құқығы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы.
Құбылмалылық - (ағылшыншадан Volatility – өзгермелілік) – баға өзгергіштігі үдерісін сипаттайтын статистикалық қаржылық көрсеткіш. Маңызды қаржы көрсеткіші және қаржы тәуекелдерін басқарудағы ұғым болып табылады, мұнда белгілі бір уақыт аралығы үшін қаржы құралын пайдалану тәуекелін білдіреді.