• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2011

Жаңа бағдарлама жұмысын бастады

399 рет
көрсетілді

Елімізде жұмыссыздықты тө­мен­дету, халықтың әл-ауқатын арт­тыру, тұр­мы­сын түзеуге ба­ғыт­талған кешенді жұмыстар жүр­гізілуде. Үдемелі ин­дуст­рия­лық-инновациялық даму, «Жол картасы» және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында көп­теген жаңа кәсіп­орын­дар пайда­лануға беріліп, жұ­мыссыздық деңгейін төмен­дету­ге ықпал етуде. Бұған облыс жастарының бастамасымен өмір­ге жолдама алған «Ауылдың гүл­денуі – Қазақ­станның гүлденуі» марафон-эстафетасы да елеулі үлес болып қосылуда. Соның өзінде жұмыссыздық мәселесі толық шешіліп кете қойған жоқ. Елбасының тікелей тапсырм­а­сымен дайындалған «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдарлама­сын­да осы бір күрмеуі қиын күрделі мәселені оң шешуге бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Сондықтан да бұл бағдарлама халықтың көңілінен шы­ғып, жұрт­­шылықтың кең қолдауына ие болып отыр. Еңбек рыногындағы өзекті мәселелерді шешіп, ин­дуст­рия­лық саясатты жүзеге асы­руда еңбек күшін оңтайлы пай­далануға мүмкіндік, жұ­мыссыз­дық­пен күреске серпін беретін жаңа бағдарлама үстіміздегі жы­л­ғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырыла бас­тады. Ресми деректерге сүйенсек, облыста кедейшілік деңгейі 3,1 пайыз, ал жұ­мыссыздық 5,0 па­йыз­ды құрайды. Бұл еліміздің өзге өңірлерімен салыс­тырғанда жаман көрсеткіш емес. Алайда, бұл көрсеткіштердің деңгейін мей­лінше төмендету бағытын­да­ғы жұмыс­тардың қарқынын бә­сең­сітуге болмай­ды. Сондық­тан да облыста жаңа бағдар­ла­маны жүзеге асыруды жүйелі жүргізу­ге қатаң талап қойылуда. Облыс орта­лығында және аудандарда жұ­мыс­пен қамту орталығы құры­лып, ғима­рат­пен қамтамасыз етіл­ді. Олар бағдар­ламаны жү­зеге асыруға кірісіп те кетті. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұр­қатова­ның төрағалығымен, жаңа бағ­дар­ла­маның жүзеге асы­ры­луына жауап­ты басқармалар, жұ­мыспен қамту орта­лық­тары басшыларының, аудан әкім­дері орынбасарларының және бағ­дар­ла­маға қатысушылардың қаты­суы­мен өт­кен жиында осы ба­ғыттағы жұмыс ба­рысы тағы бір пысықталды. Өз бетінше жұмыспен айна­лысу­шыларға, жұмыссыздарға және табысы аз адамдарға арнал­ған бағдарлама үш бағыттан тұрады. Биылғы жылы бірінші бағыт – тұрғындарға кәсіптік білім беру және қайта даярлау бо­йынша 500 адамды қабылдау көз­делген. Қазіргі таңда қадрларды қайта даярлау ұйымдасты­ры­латын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары келісілді, сұранысқа ие 29 мамандық анықталды. Мемлекеттік тапсы­рыс аясында олар 12 мамандық бойынша оқытылады. Қазіргі таңда тегін оқып, мамандық игеруге 90 адам тілек білдірген. Оқу аудандардағы кәсіптік лицейлер мен қаладағы кооперативтік, техникалық, көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледждерінде кес­теге сәйкес та­мыз-қыркүйек ай­ларын­да баста­лады. Оған қоса, 3200 адамды жұ­мыспен қамтамасыз етуге жәр­демдесу, оның ішінде 1200 адам­ды жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру жоспар­лан­ған. Жұмысшылар субсидия есебінен айына 26000 теңге жал­ақы алатын болады. Осы кезге дейін 208 адам әлеуметтік жұмыстарға орналастырылды. Аудандарда аз қамтылғандардың, өзін-өзі жұ­мыс­пен қамтамасыз еткендердің және жұмыссыздардың тізімдерін жасау жалғасуда. Бағдарламаның екінші бағыты бо­йынша ауылдағы кәсіпкерлікті дамы­туға көмектесу аясында 120 адамға өз ісін ашу үшін 1 млн. теңгеден бар­лығы 120 миллион теңге көлемінде шағын несие қарастырылған. Кәсіп­керлік негізін оқытуға да 120 адамды жолдау жос­парланып отыр. Бірақ, әзірге кәсіпкер болуға 69 адам ғана талаптанып отыр. Ал, үшінші бағыт бойынша эко­номикалық әлеуеті төмен елді мекендерден даму көрсеткіштері жоғары ау­дандарға көшуге 26 отбасы тілек білдіріпті. Жоспар бойынша 104 отбасы көшірілуі тиіс. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова жиынды қоры­тын­­дылай келіп жалпы бағдар­ла­маны іске асыру үшін облыс бо­йынша 446,5 млн. теңге көле­мін­де қаражат бөлінгенін, енді бұл бағыттағы жұмыстарды ширата түсу қажеттігін қадап айтты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.