Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палатаның жұмыс жоспарына сәйкес отырыс болып өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Отырыста үстіміздегі жылғы 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші шақырылымының 5-ші сессиясының ашылуына дайындық жұмыстары жөнінде мәселе қаралды.
Осыған орай Мәжіліс Төрағасы палатаның салалық комитеттері мен Аппараттың құрылымдық бөлімдеріне жаңа сессияның ашылуына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру туралы тапсырма берді.
Сонымен қатар, палатаның 5-ші сессиясына арналған жұмыс жоспары мен Мәжілістің бірінші жалпы отырысына дайындық мәселелері де қаралды.
Отырысқа палата Төрағасының екі орынбасары мен Аппараттың басқа да жауапты қызметкерлері қатысты.