• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2011

Бактериялық дизентериядан тазалық қорғайды

702 рет
көрсетілді

Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір клеткадан тұратын, оқшауланған яд­ро­сы жоқ, ең қа­ра­пайым организмдер тобы. Алғаш рет бак­те­рияларды (грекше bakte­rіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ға­лы­мы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құ­ры­лысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың клет­ка құрамында тұрақты клетка қаба­ты, цитоплаз­малық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядро­ның қызме­тін дезоксирибонуклеин қышқы­лы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мем­брана қабы­ғымен оқ­шау­лан­баған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қара­пай­ым бөліну арқы­лы көбе­йеді. Мысалы, 1 г қара то­пырақта 2 – 3 млрд. бактериялар, 1 г құмды то­пырақта 150 мың бактериялар, адам көп жиналған бөлме ауасы­ның 1 м 3-інде он мыңдай бактериялар тіршілік ете­ді. Олар­дың пі­шіндері әр түр­лі: шар тәріз­ді­лерін – кокк, қо­сар­ланғандарын – диплококк, та­яқ­ша тәрізділерін – бациллалар, үтір тәрізділерін – ви­бриондар, таға тәрізділерін терроидтар, жү­зім тәрізді шоғыр­лан­ғандарын – стафилококтар деп атайды. Бак­те­риялардың ұзынды­ғы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тә­різділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағ­дай туғанда сырты қалың қабық­пен қапталып спора түзеді. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530 С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000 С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқша­лары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәу­лік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бацилла­ла­ры он жылға дейін тіршілігін жой­майды. Бактерия­лар­ды ульт­ра­күлгін сәу­ле­лері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұз­­ды ортада тіршілік ете алмай­ды. Бак­те­риялардың көпші­лі­гі зи­янсыз, ал зиянды түрлері көп­­теген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялық дизентерия өт­кір инфекциялық аурулар түріне жа­та­ды. Көбінесе ішекте пайда бо­лады. Оның тұтануына Shidel­la тобына жататын қозғалмайтын бактериялар әсер етеді. Шигел­л­дер­дің өзі төрт топқа бөлінген. Соның ішінде зонне және флекснер топтарына жа­татын қоздыр­ғыштар түрі әлем­нің барлық елдерінде кездеседі. Бактериялық дизентерия ау­руы­­на тағам өнеркәсібі сала­сын­дағы адам­дар көбірек шалды­ға­ды екен. Себебі, бұл қоздырғыш­тар түрі тағамдарда жиі кездеседі. Мұндай жағдайда адам ағза­сынан шигеллдер ең жедел дегенде 7-10 күнде шығады. Әйт­пе­се ауру асқынған жағдайда ол бірнеше апталарға немесе айлар­ға да созылып кетуі ғажап емес. Қоздырғыштар көп жағдайда жоғарыда айтқанымыздай тағам және су арқылы, сонымен қатар тұр­мыстық жағдайда беріледі ек­ен. Мәселен, флекснер дизен­те­рия­лары негізінен су арқылы берілсе, зоне дизентериялары та­ғам ар­қы­лы өтеді. Ал Григорьев шиги ди­зен­териялары негізінен тұрмыс­та­ғы қарым-қатынас ар­қылы тарайды. Зоне бактерияларының басқа шигиллдерге қарағанда биоло­гия­лық жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар сыртқы ортада неғұр­лым тұрақтылық таныта ала­ды және өздеріне қолайлы жағ­дайда сүт және сүттен жаса­лын­ған та­ғам­дарда барынша кө­бейіп, жедел тарай алады. Осы жағынан ал­ғанда ол адам ағзасы үшін қауіпті. Бактериялық дизентериялар көп жағдайда әлеуметтік ауру тү­ріне жатады. Тұрмыстағы анти­са­ни­тарлық жағдайлар, басқа да жетімсіздіктер олардың оянуына түрт­­­кі болады. Мәселен флекснер бактериялары негізінен ха­лық пай­­­­даланып жүргенмен қор­ғалмаған, дұрыс тазартылмайтын су көзде­ріне үйір болып келеді. Сонымен қатар флекснер дизен­териясына шалдыққан адамның бойында пос­тинфекциялық им­му­нитеттің пайда болып, ол келесі осы ауру түрінен бірқатар жылдарға дейін қорғап тұра алатындығы да ай­қындалған. Демек, антисанитар­лық жағдай, со­ның ішінде дұрыс тазартылмаған су көздері бірінші кезекте ондай елді мекенге көшіп келгендер немесе қонақтарға қау­іпті бола­тындығын ескертеміз. Бактериялық дизентерия­ла­ры­ның алдын алуда гигиеналық жә­не санитарлық коммуналдық ша­ра­лар­дың шешуші маңызы бар. Сон­дықтан бұл аурудың ал­дын алуға тиісті азаматтар, яғни ба­зар­лар­дың, тағам өнеркәсібі кә­сіпорын­дарын, қоғамдық та­мақ­тандыру ор­ындарын, сауда дүкен­дерін, балалар мекемелерін және су көз­дерінің тазалығын, сани­тар­лық жағ­дайының талапқа сай бо­луын қадағалайтындар ер­екше мән беруі керек. Соның ішінде елді мекендердегі, қала­дағы құбыр жү­йелері әркез назарда тұруы тиіс. Бұл аурудан сақтануда адам­ның жеке басының тазалығы да көп рөл атқарады. Әрбір адам ең алдымен санитарлық тұрғыдан алғанда сау­ат­ты болғаны жөн дер едік. Сол тазалық ең ал­дымен отбасында қа­лыптас­а­тындығы белгілі. Сонымен қатар бүлдіршіндер мен балаларға осы бағыттағы сақтандыру шара­ла­рын ұйымдастыру мен насихаттау да, мектептер мен балалар бақшаларына қойылатын талаптар да зор демекпіз. Жанат ЖАҚСАЛЫҚОВА, №6 қалалық емхананың дәрігері. Астана.