• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Парламент 18 Мамыр, 2017

Қарағанды ​​облысында Қылмыстық-атқару кодексінің қолдану мәселелері талқыланды

149 рет
көрсетілді

18 мамырда Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қарағанды ​​облысында Қылмыстық-атқару кодексінің қолдану мәселесі бойынша көшпелі отырысын өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет, дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің, сонымен қатар облыстық құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері, түзеу мекемелерінің басшылары, құқықтанушы ғалымдар және басқа да уәкілетті тұлғалар қатысты. 

Көшпелі отырыс аясында қолданыстағы Қылмыстық-атқару кодексінің ережелерін атқаруды жетілдірудегі ағымдар, өзекті мәселелер мен келешегі, пробация саласындағы заңнамаға мониторинг жүргізу барысында қылмыстық сот төрелігінің қайта әлеуметтендіру әсерін арттыру, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды іске асырудың кейбір қорытындылары, сондай-ақ пенитициар жүйесінің мәселелері талқыланды.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай 2014 жылғы шілдеде қабылданған Қылмыстық-атқару кодексі сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қылмыстық жазалауды орындау тиімділігі деңгейін айтарлықтай көтергенін атап өтті.

«Қылмыстық-атқару кодексімен қатар біз жаңа Қылмыстық-процестік және Қылмыстық кодекстерін де қабылдадық. Кодекстерде көрініс тапқан көптеген өзгерістер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі, сот ісінің әр сатысында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаушысы ретінде біздің азаматарымыздың құқықтық санасына кешенді өзгерістер әкелді. Бұл реформалардың барысында бес сатылы сот жүйесінен үш сатылыға өту арқылы біз сот жүйесін реформалағанымызды айта кету керек», - деді сенатор.

Сенатор қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты заңдар қабылдау барысында депутаттар заңдылық, гуманизм және әділет қағидаларын негізге алатынын атап өтті. «Оны 20 мыңға жуық сотталушы қамтылған гумманистік акт ретінде Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының қабылдануы дәйектей алады.

Қылмыстық-атқару кодексі қылмыстық жазалауды орындау тиімділігін арттырды, жазалаушы жүктемені азайта отырып, жазалаудың тәрбиелеу-алдын алу қызметін күшейтті. Заңдармен жұмыс аясында сотталушылардың негізгі құқықтары мен мекеме әкімшілігінің міндеттерін нақы бекітуге тырыстық», - деп атап өтті комитет төрағасы.

Бүгінгі кездесудің мақсаты - құқықтық тәжірибені талдау, қылмыстық-атқару жүйесінің өзекті мәселелерін түзеу мекемелеріне барып, көзбен көре отырып талқылау. «Барлық дәйектелген ұсыныстар Президент жанындағы Құқықтық саясат кеңесінің және Парламент палаталарының отырыстарында айтылатын болады. Бірде-бір ұсыныс парламенттік рәсімдер бөлігінде қараусыз қалмайды», - деді Серік Ақылбай.