Неміс технологиясына негізделген кәсіпорын кешенінде мал ұстау орындары мен сою қосындары, етті бөлшектеп, өңдейтін цехтар, сақтайтын тоңазытқыштар бар. Комбинат іске қосылғанда шошқа, ірі қара мал еттері халықаралық талаптарға сай тереңдетіп өңделіп, экспортқа жіберіледі. Әзірге оның Орталық Азияда баламасы жоқ. «Кешен жылына 15 мың тонна ет, 9 мың тонна шұжық өнімдерін шығаруға қауқарлы. Жобалық қуаттылығы тиімді пайдаланылса өнімдер алыс-жақын шетелдерге сатылатын болады», – деді Құмар Іргебайұлы. Ет комбинатының жанындағы мал кешенінде 100 мың бас талпақ танау өсіріп, 4 мың тонна ет алу жоспарланған. 10 жыл бойы тұралап тұрған кәсіпорынды 1,5 айда іске қосу, 100 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген. Аймақ басшысы тиісті орындарға инвесторлар тартуды тапсырды. Өмір Есқали, «Егемен Қазақстан».
Аймақтар
•
23 Мамыр, 2017
Солтүстікте Орталық Азиядағы ең ірі ет комбинаты салынады
321 рет
көрсетілді
Тайынша ауданына қарасты Чермошнян ауылдық округінде болған жұмыс сапарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов осылай мәлімдеді.