• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2016

Джейкобс: Головкиннің бойында «қырық үш күндік» кемдігі бар

180 рет
көрсетілді

WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы Дэниель Джейкобс (32-1, 29 КО) наурыз айында Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтер жекпе-жегі жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Бұл айқаста өзімді жақсы қырымнан көрсетемін деп сенімді түрде айта аламын. Головкин мықты боксшы болғанмен, бойында «қырық үш күндік» кемдігі бар. Оның бәрін өз пайдама жарата аламын. Дегенмен, соққысын, шама-шарқын ескергенім жөн. Бокс болғандықтан мұнда бәрі де болуы мүмкін. Геннадийдің қорғанысы әлсіздеу, ал мен жылдам қозғалып, оның соққыларынан сытылып кете аламын. Бәрін жоспар бойынша орындасақ, қажетті нәтижеге қол жеткізе аламыз», – деді Джейкобс. «Мансабымдағы ең үлкен айқас болайын деп тұр. Бұл жолы андердог (жеңістен үміті аз спортшы) ретінде қатыспаймын. Бұған дейін де талай белесті бағындырғанмын, енді аянып қалмаспын», – деді америкалық боксшы. Айта кетейік, бұған дейін Джейкобс 18 наурызда қазақстандық былғары қолғап шеберінің бүкіл белбеуін тартып алып, әлемді таң қалдыратынын айтқан. Ал Головкин мен оның жаттықтырушысы америкалықтың күшіне шек келтірмейтінін мәлімдеген. Дегенмен, Абель Санчес Джейкобстың жеті раундтан ұзаққа шыдай алатынына күмәнмен қарайтынын да жасырмады.