• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2016

Физика пәнін оқыту ерекшеліктері

1349 рет
көрсетілді

Уақыт ағымына сай мемлекеттік ұстаным білімді ұрпақ өсіру болып саналады. Қашанда озық ой, тың тәжірибе көрсетумен ерекшеленетін Назарбаев зияткерлік мектептерінде физика пәнінен білім беру заманауи сындарлы теорияға негізделген тәсілмен жүзеге асады. Мақсат – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін пән мұғалімдері проблемалық (Problem-based learning) және зерттеу арқылы оқыту (Inquiry Learning) тәсілдерін қолданады. PBL тәсілі оқушының ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушы зерттеу жүргізу арқылы жаңа материалды меңгеріп, тәжірибе жүзінде де білімін дамытады. Әрі жаңа талапқа сай сауатты түрде салиқалы тәжірибе жасауға үйренеді. Бұл Блум таксономиясына сәйкес оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Негізі оқушының еңбегін ба­­ғалау оқыту мен оқудың м­а­ңызды бір бөлігі болып табы­ла­ды. Қалыптастырушы тарау бой­ы­н­ша жиынтық, ішкі, сырт­қы жиынтық бағалауы оқу­шыға оқу мақсаттарына сай белгілі бір дағдыны жүзеге асы­ру­ға, өз білі­мінің қай деңгей­ге кө­те­­ріл­генін анықтауға мүм­кін­­­­дік береді. Мұ­ға­лім мен оқу­­­­шы ара­сын­дағы бай­ланыс оқу­­шы­ның өзі­не деген се­нім­ін нығай­тады. Оқу барысын­да пікірімен санас­атынына, мәсе­ле­ні шешуде пікірлері есепке алы­натындығына көздерін жет­кі­зеді. Өзіндік білім алу дең­гейін анық­тайды. Бірлесіп тал­қылауға бо­латын сұрақтар ауқымын ке­ңей­ту, оқушының мектеп пен оқу­ға деген жағымды көз­қа­ра­сын қа­лыптастырады. Оқушылардың оқу дағ­ды­ларының дамуына ықпал ету үшін түрлі әдебиеттерден, ға­лам­тор көздерінен шағын мә­тін­дер алынады. Оны талдау арқылы оқу­шылардың ком­муникативтік дағдыларын же­тілдіріп, игерген білімдерін өмір­де қолдануға үйретеміз. Физика­лық құбы­лыс­тар­ды ғылы­ми тілде баяндауға жат­­тық­­­тырамыз. Мысалы 7-сы­нып­­та «Физикалық шамалар және өлшем­дер» бөліміндегі «7.1.1.1 фи­зикалық құбылыстар, фи­­зи­ка­лық шамалар және өл­шем бірліктерге мысалдар кел­тіру» оқу мақсаты бойынша қа­­лыптастырушы ба­ға­лау жүр­гізу үшін оқушыларға Жер ту­ра­лы шағын мәтін ұсы­на­­мыз. Оқу­шылар мәтінді оқып, он­­­да­ғы физикалық ша­малар, құ­­бы­лыстар мен ұғымдарды та­­ба­ды. Мысал ретінде қа­лып­тас­­тырушы бағалау ұсынамыз. Ай­талық, Жер – Күн жүйесіндегі Күн­нен әрі қа­рай санағанда үшін­ші ғаламшар адам­­заттың тір­шілік ететін бесігі. Жер эллипстік (собықшалы) орби­та бойымен секундына 29,765 км жыл­­д­амдықпен 149,6 млн км орта­ша қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет ай­налып шығады. Оқушылардың білу және тү­сі­ну дағдыларын қалып­тас­ты­­руға бағытталған, құбылыс, зат, дене, физикалық шамалар, өл­шем бірліктері бойынша тү­сінік­терін ажырата білуге ұсын­ған осындай үлгідегі тапсыр­ма­лар тестік тапсырмаларға қа­ра­ған­да, игерген білімдерінің жат­тан­ды болмай, қолданбалы сипатта болуына жақсы мүм­кін­дік береді. Қазіргі заман мектептерінің тү­лектеріне жоғары дәрежедегі құ­зыреттілікке ие болу, өз беті­мен өмір сүру және кәсіби шы­ғар­­­­машылық тұрғыдан дайын бо­­­­лу талабы қатаң қойылады. Сон­­­­­дықтан түлектерге мектеп қа­бы­­рғасында алған дағ­ды­лары кез кел­­ген жағдайда та­бысты болуға кө­­мектесуге қыз­мет етуі тиіс. Зият­­керлік мек­тептер түлектерінің ада­­ми құндылықтары жоғары бо­­лып, өздерін елінің патриоты ре­­тін­де таныта білулері қажет. Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін өзі дамытуға және шы­ғар­ма­шылыққа ұмтылған, сын тұр­ғысында ойлайтын және про­блемаларды шеше алатын азаматтар. ХХІ ғасырдың жа­һан­дану жағдайында оқу­шы­лар­дың проблемаларды шешу­де, талдамалық, танымдық дағ­ды­ла­рын дамыту, сыни тұрғыда жә­не шығармашылық ойлауын, білім­де­рін өз бетінше үйлестіре білуін жә­не ақпараттық кеңістікте бағ­дар­лануын дамыту маңызды болып табылады. Жоғары сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде шетелдік әріп­тестерімізбен командалық оқы­ту арқылы іске асырамыз. Бұл бізге үш тұғырлы тіл саяса­тын жүргізуге, оқушылардың пән­ді оқытудағы академиялық тіл­ді қолдану дағдыларына, лек­сика-терминологиялық тір­ке­с­терді қолданудағы ке­дер­гі­лер­ді жеңуіне, оқу­шы­лар­дың өзін­дік қабілеттілігінің жоғары дең­гейіне қол жеткізуіне жағдай жа­сауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоғары инте­л­лект өте құнды. Себебі, жа­һан­дану жағдайында мем­ле­­ке­ті­­міздегі индустрияның, эко­но­миканың алға жылжуы зияткер, шығармашыл адамдардың са­нына байланысты болмақ. Тәу­ел­сіздігіміздің тұғыры биік болып, мемлекетіміздің өркендеуі біз­дің қазіргі шәкірттеріміздің бі­лім дәрежесіне байланысты бо­латыны тағы анық. Сондықтан ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы білім алуына, ғылым жетістіктерін меңгерулеріне өз үлесімізді қоса бермекпіз. Ерәлі БИЖАНОВ, Жазира ИМАНБАЕВА, Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі физика пәнінің мұғалімдері Алматы облысы